Нан қиқымын шашпа Қазақта нанның қиқымын теріп жеп қойсаң бай боласың деген әңгіме бар. Әлқисса, бұл хикмет Ыбрайым пайғамбардың заманынан басталады екен. Ыбрайым пайғамбардың төрт түлік малы сай болыпты. Оның жылқысыда, қойы да, түйесі де отар-отар болып, жер бетіне сыймай кетіпті. Құдайдың құдіретімен бұның малына ұрыда түспейді екен. Бір күні Ыбрайым пайғамбар қайғырыпты «Ертең ахиретте мал байлықтың сұрауы қатты болады деуші еді»-деп, пайғамбарды қайғы басыпты. Сонда Ыбрайым пайғамбарға Алладан әуез келіпті:
- Ей, Ыбрайым басыңды көтер. Сен ренжіме сенің бұл малың азаймайды. Осы көбейгеннен көбейе береді - депті.
-Неге?- деп, сұрапты Ыбрайым пайғамбар.
-Мен, құдіретті Құдай бұл дүниені әр түлі тәртіппен, низаммен жараттым. Мына Қыдыр атаны қарттардың ішіне жасырып қойғанмын. Оны көргің келсе қария атаулының бәрін құрметте. Ал мына Қадір түнін үш жүз алпыс бес күннің біреуіне жасырып қойғанмын. Қадір түнін күткің келсе әр бір түнді тағатпен өткіз. Тұрмыс тіршіліктің берекесін нанның қиқымына жасырып қойғанмын. Нанның қиқымы шашылғанда берекенің барлығы шашылады. Ал оны жинап жесең береке жиналады да оны өзіне тартып алады. Ал сен қалай жейсің? Шапаныңа түсіріп болғаннан кейін барлық қиқымын теріп жеп қоясың. Береке мен байлықты қайтадан өзіңе аласың»- дейді. Ал Ыбрайым пайғамбар болса бұған көнеді. Бір күні ойда жоқта үйіне «Ассалаумағалейкүм»- деп , шашы алба жұлба төрт адам кіріп келеді. Пайғамбар кім екенін сұраса құдайды іздеп кетіп бара жатқан адамдар екен. -Не істейсіңдер құдайды іздегенде,- деп сұрапты пайғамбар. Әлгі жігіттер:
- Құдайды мадақтаймыз, зікірлер, жырлар айтамыз,- деп жауап беріпті.
- Қане айтыңдаршы?- депті Ыбрайым пайғамбар. Төртеуі де жезтаңдай әнші екен. Пайғамбарға таспиқ айта бастапты. Оған Ыбырайымның құмары қанбай тағы да қайталауларын сұрапты. Бірақ бұл жолы әншілер ақы ретінде жантақ шайнап жүрген түйесін дәме етіпті. Бұған Ыбырайым келісіпті. Әншілер тағыда ән айтыпты, бұғанда құмары қанбай сиырын беріп тағы да айтқызады. Оған да құмары қанбай мал мүлкінің бәрін беріп, тағы да айтқызыпты. Бірақ бұл ән Ыбырайымды баурағаны соншалықты оған да құмары қанбапты. Соңында есіктің алдындағы құмай тазысының қарғыбауын алтын болғандықтан сыпырып алып оғанда айтқызыпты. Содон кейін
- Болды менің мал-мүлкім, алтын күмісімнің барлығы таусылды. Ақшам болғанда тағыда айтқызар едім, мына өлең көңілдің кірін алады екен,-депті. Сонда әлгі төрт жігіт жарқырап періштеге айналыпты. Төрт жігіт:
- Ыбырайым, сені Алланың адал құлы екен, Алла жолында барлық мал-мүлкін байлығын құрбан етеді екен деген періштелердің арасында гүбір-гүбір сөзболып еді. Соны тексерейік деп келіп едік. Шыныменде солай екен, көзіміз жетті. Енді біз Алланың дәргейіне қайта орлайық,-депті. Ыбырайым пайғамбар қоштасуға олардың қолын ұстап, жібермейтіндігін айтыпты. Олар «неге» деп сұрапты.Сонда Ыбырайым пайғамбар айтыпты:
- Мына әңгіме елге таралып кетті ғой. Ертең ел жұрт айтпайма Ыбырайым сараң екен деп,-дейді. Періштелер «Біз Алланың дәрегйіне оларды қалай алып барамыз. Бұлар дүниеге арналған ғой»- десе де пайғамбар «алып кетесіңдер» деп тұрып алады. Сонда бұлардың сөзіне Алланың өзі араласады. Алладан әуез келіпті, сонда Құдай «Ей Ыбырайым, бұларды мен жіберген едім, жібер оларды. Бұлар тексерейік деп қоймағаннан кейін мен жіберген едім. Оларды жібер, бір ашуыңды бер маған»-дейді. Жарайды деп оларды жібереді. Олар қуанып аспанға қарай асығып ұшып кетеді. Сонда Құдай «Бұл байлықтың бәрі мен үшін бе?»-деп сұрады Ыбырайымнан.«Иә»- деді. «Ендеше бұның бәрін базарға апарып сат. Қанша алтын болды? Соның барлығына жұмысшы жалда, құрылыс заттарын сатып алда, Меккеге бар, менің үйімді Қағбаны сал»- дейді. Ыбырайым пайғамбар айтқан заттарын алып, Меккеге барып Қағба салдырыпты. Сөйтіп Ыбырайым пайғамбар жаңағы нанның қиқымымен терген береке, байлығына ең алғаш Қағбаны салдырыпты. Нанның қиқымын теріп жесең Ыбырайым пайғамбардай бай боласың деген сөз осыдан қалған екен.