сынып Аптасына – сағат, жылына – 34 сағат


Тыйым сөздерге қатысты қиссалар



бет2/13
Дата14.09.2023
өлшемі60,48 Kb.
#107428
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Жеті тыйым қиссалар

Тыйым сөздерге қатысты қиссалар


Малды теппе
Баяғыда Мұса пайғамбар осындай бір Зинай деген далалы таудың төбесінде келе жатыр еді. Тәңір Тағаладан әуез келді:
-Ей, Мұса мен сені пайғамбарлыққа таңдадым. Қолыңды қолтығыңа тық, муғжиза болады,-дейді.
Мұса сол қолын қолтығына тығып еді, қолы күн сияқты жанды.
-Екінші асатаяғыңды лақтыр,- дейді. Асатаяғын лақтырып еді, жыланға айналып айдаһар болды. «Осы екі муғжизаны беремін, осымен барасыңда оңбаған перғаунның бүкіл сиқырының бәрін сындырып,тас-талқан қылып, халықты құлдықтан босатып, алып кел»- деп айтыпты. Содан барып перғаундардың бүкіл сиқырын сындырып, тас-талқан қылып, сиқыршылырдың барлығының жыландарын әлгі асатаяқ жеп қойыпты. Сонымен әбден тозып біткен халықтың бәрін құлдықтан босатып, Қызыл теңізді жарып, еліне аман-есен келіпті.
Бір күні Мұса пайғамбар «Уа тәңірім! Енді елде не көп, азамат көп, жігіт көп, неге мені пайғамбар қып таңдадың. Менің қай қылығым жақты саған?» - деп сұрапты. Сонда Тәңір Тағала айтыпты :
-Ей, Мұса, білемін, елдің ішінде ондай мықты батырлар көп. Бірақ сенің бір қылығың маған қатты ұнады. Сен Шұғай пайғамбардың малын баққан кезде бір қозы бар еді. Сол отарды үйге айдап қайтқан кезде қалып қоятын еді. Сенен басқасының бәрі, қойшылар, соны боқтап, қамшымен ұрып, сабайтын еді. Сен ғана сол қойға жаның ашып, мойныңа отырғызып, үйіңе дейін аман-есен алып келіп, өріске апарғанда да желкеңе салып алып барып жаятын едің. Сол малға жүрегің ауырып, соған жаның ашыған бір қылығың маған ұнады. Содан менің назарым түсіп, сені пайғамбар қылып таңдадым,- дейді.
Кісіге саусақ шошайтпа
Әлқисса, бұл әңгіме Адам ата мен Тәңір тағаланың арасындағы әңгімеге барып тірелді. Құдіретті Құдай адамды жаратып, адам мен періштелердің арасында білім сайысын өткізіпті. Көкірек көзі ашылған адам білім сайысында жеңіп, бүкіл періштелердің барлығын өзіне тағзым еткізіпті. Сол кезде ібіліс қана қаққан қазықтай тұрып алып, басын имепті. Сонда Тәңір айтыпты:
-Ей, Ібіліс мына жарыста жеңілдің, адамның білімі сенікінен артық болды, сен неге енді бұған сәжде қылмайсың?
Сонда Ібіліс:
-Мен одан артықпын. Ол қазір мына жерде жәй ғана сасыған балшықтан шықты. Ал біз әуелден бармыз ғой,-дейді. Әне сол «Мен артықпын » деген бір сөз құдайдың ең жек көрген сөзі еді. Содан Жебрейілге: «Ей Жебрейіл, мынау малғұн атанды. Оған менің қарғысым тиді енді. Мойнына қарғыс қамытын кигіз де құрт мынаны. Түрін көрмейтін болайын» депті. Сол кезде Жебрейіл келіп қасында көп жасақ періштелер бар «Мына малғұнды ұстап, қолын қайырып, мойнына қарғыс қамытын кигізіңдер» деп, ең бірінші рет Жебрейіл сұқ саусағын Ібіліске қаратып нұқыған кезінде әп-әдемі болып тұрған Ібілістің басынан мүйіз өсіп шығып, үстін қара жүн басыпты, аяғы тұяқ болып, жан басынан құйрық өсіп шығыпты, құлақтары салпиып, ұсқынсыз болып кетті. Содан кейін қинап, Ібілістің мойнына қарғыстың қамытын кигізген кезде Ібілістің қорыққаны соншама, кіші дәретін бұтына жіберіп қойыпты. Сонда Тәңір айтады «Ей, Жебрейіл мына сұмырай менің дәргейімді былғады. Құрт ана зәрін»,- депті.Сол кезде Жебрейіл, басқа періштелердің бәрі Ібілістің зәрін алып, мына лас дүниеге, осы дүниеге алып келіп, жердің бетіне шашыпты, шашырап әр жерге түсіпті. Сол зәр түскен жерден темекі, наша жасайтын шөптер өсіп шығыпты, Әне содан бастап кісіге қолыңды шошайтпа деп айтылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет