Жемқорлыққа жол жоқ ! (10 «ә» сыныбында өтілген тәрбие сағаты)
Сынып жетекшісі : Г.Г.Габдуллина
Тақырыбы: Жемқорлыққа жол жоқ ! Мақсаты: 1. Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру;
2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттері дамиды; дүниетанымдары кеңейеді;
3. Патриоттық тәрбие қалыптасады;
Түрі: Дөңгелек үстел
дөңгелек үстелдің барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Әңгіме сұхбат
(Бір парақ қағазға Адам құқығы тақырыбына топтағы әр оқушы бір сөйлемнен жазады.)
3). Жемқорлық дегеніміз не? Түсінік қалыптастыру
Баяндама жасау.
4) 1998 жылғы 2 шiлдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
СЫБАЙЛАС-ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕГЕН НЕ, ОНЫМЕН КҮРЕС ҚАҒИДАЛАРЫ “Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру сыбайлас-жемқорлықпен күресте өте маңызды. Бұл қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың өздерінің белсенділігі болып табылады, сыбайлас-жемқорлық үдерістерді бұқаралық ақпараттық құралда (одан әрі БАҚ) жариялау, бұқара өкілдерінің сот үдерістерінде болуы; өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру. Қазіргі таңда ҚР Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас-жемқорлықпен күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдердің ақпараттық мөлдірлігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару органдарының рұқсат ету және әкімшілік құзыреттерін оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың электронды жүйесіне көшу негізінде мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау. Бағдарламада ерекше көңіл азаматтық қоғам ұйымдарын сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметке тартуға, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бөлінеді.
Нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас-жемқорлыққа қарсы сараптаудың пәрменді тетігін енгізу, бюджеттік қаражаттың жұмсалуын қоғамдық бақылау жүйесін құру, жеке рұқсат беру міндеттерін азаматтық қоғам институттарына беру, ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын мейлінше көбірек қысқарту бойынша шаралар енгізу, заңға қайшы жолмен ақшалай қаражатты заңдастыруға қарсы іс-әрекет жасау қарастырылған
Заңға сәйкес аталғанқағидаларғамыналар жатады:-мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті;
-лауазымды, сондай-ақ олардың қатарына жататын басқа адамдардың құқықтарын және еркіндігін ҚР Конституциясының 39 бабы 1 тармағына сәйкес шектеу;-жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықтың зиянды салдарын жою және алдын алу:-сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықпен күреске ықпал жасайтын азаматтардың жеке қауіпсіздігін;-кәсіпкерлік қызметке бақылау жасайтын жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік реттеу өкілеттігін беруді болдырмау.