Сынып жетекшісі: Тәттібекова а 2023-2024 оқу жылы Сыныпта қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар жалпы тәртіп ережелері



бет3/4
Дата29.09.2023
өлшемі435,53 Kb.
#111518
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
тех кауипсиздик-1

инемен жұмыс жасау кезінде
3.1. Инені арнайы инені қадайтын көпшікте сақта.
3.2. Жіпсіз инені жұмыс орнында тастама.
3.3. Инені жіппен бірге көпшікшемен бер.
3.4. Инені ауызға салма, инемен ойнама.
3.5. Киімге инені қадама.
3.6. Жұмыстан бұрын және жұмыстан кейін иненін санын тексер.
3.7. Көпшікшені үнемі бір жерде сақта.
3.8. Инемен жұмыс кезінде алаңдама.
қайшымен жұмыс жасау кезінде
3.9. жақшы қиятын қайшымен жұмыс жаса.
3.10. Қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт.
3.11. Қайшыны ашық тастама.
3.12. Сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын.
3.13. Қайшымен ойнама, бетіне тигізбе.
3.14. Қайшыны керек уақытында пайдалан.
желіммен жұмыс жасау кезінде
3.15. Желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан.
3.16. Желімді керек мөлшерде ғана ал.
3.17. Артық желімді жұмсақ матамен алып таста.
3.18. Жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.
ермексазбен жұмыс жасау кезінде
3.19. Жұмысты орындауға қажетті түсті таңда.
3.20. Арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал.
3.21. Жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал.
3.22. Ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін сабынмен жу.
бізбен жұмыс жасау кезінде
3.23. Бізді дұрыстап ұстауды үйрен
3.24. Жұмысты астына тақтайша қойып жаса.
3.25. Тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.
№ 4 НҰСҚАУЛЫҚ

Қоғамдық жерде өзін ұстау ережелері


4.1. Көшеде қатты сөйлеу, айқайлау және күлу әдептілікке жатпайды.
4.2. Көшені ластауға болмайды: шемішке шағу, қағаз тастау, кәмпиттің қабы, алманың қалдығы, т.с.с
4.3. Кинотеатрға барған уақытта ойнауға, жүгіруге, шулауға болмайды.
4.4. Киноны қарап жатқан уақытта көрермендерге кедергі келтіруге, қолды шапалақтауға, ысқыруға, аяқпен тарсылдатуға болмайды.
4.5. Залға кірер және шығар алдында асығуға, итеруге болмайды.
4.6. Сыпайы бол.


№ 5 НҰСҚАУЛЫҚ
Сырттағы жеке басының қауіпсіздігі:
5.1. Егер артынан біреу жүгіріп немесе ілесіп келе жатса, ал үйіне дейін қашық болса, онда жақын жердегі адамдар көп жерге қарай жақында, дүкенге немесе аялдамаға.
5.2. Егер таныс емес адамдар сені күштеп алып кеткісі келсе, «Құтқарыңдар! Мені таныс емес адам алып кеткісі келіп тұр» деп көмекке шақыр.
5.3. Таныс емес үлкен адамдардың еш айтқанына келіспе.
5.4. Таныс емес үлкен адамдармен ешқайда барма, олармен бірге көлікке отырма.
5.5. Ешкімге үйдегілерде ақшаның көп екендігін айтып, мақтанба.
5.6. Егер үйде үлкендерден ешкім болмаса, онда үйге ешкімді шақырма.
5.7. Қараңғы түскенде сыртта ойнама.

№ 6 НҰСҚАУЛЫҚ.


Электр құралдарымен жұмыс жасау кезіндегі өрт қауіпсіздігінің ережелері:
6.1. Тыйым салынады:
6.1.1. Шырпыны тастауға
6.1.2. Отпен ойнауға
6.1.3. Шоқты лақтыруға
6.1.4. Камин мен пештің аузын ашық тастауға
6.1.5. Дұрыс жұмыс жасамайтын құралдарды пайдалануға
6.1.6. Токты көп тартатын құралдарды бір электр жүйесіне қосуға
6.1.7. Ақауы бар электр құралдарын пайдалану. Электр үтігін, шәйнектреді пайдалануға
6.1.8. Оқшауланған электр желісін пайдалануға
6.1.9. Жағылып тұрған пешті қараусыз қалдыруға
6.1.10. Саусақпен немесе басқа заттармен электр жүйесін қозғауға
6.1.11. Электр құралдарын өз бетімен оңдауға, бөлшектеуге

6.2. Рұқсат етіледі:


6.2.1. Өрттен үйді қорғауға
6.2.2. Өрт шыққан жағдайда өрт құтқару қызметін шақыруға
6.2.3. Өртті сөндіруге барлық заттарды пайдалануға
6.2.4. Дабыл белгісін беруге
6.2.5. Өрт құтқарушыларды күтіп алуға және өрттің шығуы туралы хабарлауға
6.2.6. Өрт шыққан жағдайда эвакуация жоспарын білуге
6.2.7. Айқайлап үлкендерді көмекке шақыруға
6.2.8. Бөлме қатты түтін болған жағдайда еңкейіп немесе жорғалап қозғалуға
6.2.9. Жанып жатқан бөлмеден адамдарды, балаларды шығаруға
6.2.10. Зардап шеккен адамға жамылғы жабуға


№ 7 НҰСҚАУЛЫҚ

Мұздағы қауіпсіздік ережелері:


7.1. Мұзда сырғанамас бұрын, үлкендердің тексеруі бойынша мұздың қатты екеніне көз жеткізу керек


7.2. Салынған жол бойынша жүру керек
7.3. Таныс емес жерде шаңғымен, шанамен сырғанауға болмайды
7.4. Бетке шығып тұрған шөптер мен бұталардың, ағыстың тез ағуының жақын жерлерімен абайлап жүру керек
7.5. Ұмытпа! Күзде және көктемгі мұз жұқа болады.
№ 8 НҰСҚАУЛЫҚ.
Жазда су қауіпсіздігінің ережелері:

8.1. Үлкендердің қарауымен және рұқсат етілген жерде суға түсу керек.


8.2. Таныс емес жерге сүңгуге болмайды, су түбінде томарлар, тастар болуы мүмкін.
8.3. Балдыр бар жерде суға түсуге болмайды.
8.4. «Бірін бірі батырып» ойнауға болмайды
8.5. Жалған дабыл көтерме.
№ 9 НҰСҚАУЛЫҚ

Жануарлармен қатынас жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері:


9.1. Құйрығын жай қозғағанды достық ретінде қабылдама, кейде мұның арты қатерге соғуы мүмкін.


9.2. Иттің көзіне тіке қарап, жымиюға болмайды. Иттің түсінуінше бұл «мен сеннен күштімін» деп «тісін көрсетумен» бірдей
9.3. Өзінің қорыққандығынды білдерме. Мұны ит сезуі мүмкін.
9.4. Иттен қашпа.
9.5. Бөтен иттерді тамақтандырма, иттің тамақ ішкен және ұйықтаған кезінде ұстама.
9.6. Күзететін иттерге жолама, себебі олардың кейбіреуі адамға қарсы жүруге үцретілген.
9.7. Итпен немесе иттің иесімен шапшам қимыл жасамауға тырыс, себебі, ит оны қорқытып жатыр деп ойлауы мүмкін.
9.8. Күшікпен немесе иттің ойыншығын ұстама.
9.9. Егер тар жерде ит иесімен келе жатса, тоқтап жол бер.
9.10. Жануарлар түрлі аурулар жүгуы мүмкін.


№ 10 НҰСҚАУЛЫҚ

Үйде жалғыз болған кездегі қауіпсіздік ережелері:


10.1. Есіктің тек жақсы таныс адамына ашу керек.


10.2. Үйдің кілтін ашық жерге тастама.
10.3. Кілтті мойнына ілме.
10.4. Кілтті жоғалтқан жағдайда ата-анана хабарла.
№ 11 НҰСҚАУЛЫҚ

Телефонмен сөйлесу ережелері:


11.1. Үйдің мекен-жайын және пәтердің номерін айтпа.


11.2. Телефон номерлерін айтпа (тек «ия» немесе «жоқ» деп жауап беруіне болады)
11.3. Таныс емес адаммен әңгіме айтпа.

№ 12 НҰСҚАУЛЫҚ


Асханада өзін ұстау ережелері


12.1. Кезекшілер 10 минут бұрын үстелдің дайындайды


12.2. Тамақ ішпестен бұрын қолыңды жуып, құрғатып сүрт
12.3. Өз орнына отыр.
12.4. Тамақ ішкенде сөйлеме
12.5. Үстел үстінде тазалық пен тәртіпті сақта
12.6. Тамақ ішкеннен кейін ыдысынды жина
12.7. Бұрын ішіп болсаң, жолдастарыңды күт.


№ 13 НҰСҚАУЛЫҚ
Серуен кезіндегі қауіпсіздік ережелері
13.1. Серуенге саппен шық
13.2. Спорт алаңында ойна
13.3. Тікенді заттармен ойнама
13.4. Итерме, шалып құлатпа
13.5. Қарды, тасты, өзге де заттарды лақтырма
13.6. Дәретханаға тек мұғалімнің, тәрбиешінің рұқсатымен бар.
13.7. Сырттан ішке саппен кір.


№ 14 НҰСҚАУЛЫҚ
Күзгі каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
14.1. Жолда жүру ережелерін сақта (№2)
14.2. Элекр құралдарымен жұмыс жасау кезінде өрт қауіпсіздігін сақта (№6)
14.3. Қоғамдық жерде өзін ұстау ережелерін сақта (№4)
14.4. Сырттағы жеке басының қауіпсіздігін сақта (№5)
14.5. Су қоймаларының қасында және мұзда қаіпсіздік ережелерін сақта (№7)
14.6. Үйде жалғыз болған кездегі қауіпсіздік ережелерін сақта (№10)
14.7. Жануарлармен қатынас жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақта (№9)
14.8. Үшкір заттармен, тікенді, кесетін заттармен, тез жанатын, жарылатын, мылтықпен ойнама.
14.9. Дәрігердің нұсқауынсыз дәрілерді, анаша, ішімдікті ішпе, темекі тарпа, иіскеме.
14.10. Тайнағақтан сақ бол, құлау кезінде жарақат алмау үшін.


№ 15 НҰСҚАУЛЫҚ
Қысқы каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
15.1. Жолда жүру ережелерін сақта (№2)
15.2. Элекр құралдарымен жұмыс жасау кезінде өрт қауіпсіздігін сақта (№6)
15.3. Қоғамдық жерде өзін ұстау ережелерін сақта (№4)
15.4. Сырттағы жеке басының қауіпсіздігін сақта (№5)
15.5. Мұзда қаіпсіздік ережелерін сақта (№7)
15.6. Үйде жалғыз болған кездегі қауіпсіздік ережелерін сақта (10)
15.7. Жануарлармен қатынас жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақта (№9)
15.8. Үшкір заттармен, тікенді, кесетін заттармен, тез жанатын, жарылатын, мылтықпен ойнама.
15.9. Дәрігердің нұсқауынсыз дәрілерді, анаша, ішімдікті ішпе, темекі тарпа, иіскеме.
15.10. Тайнағақтан сақ бол, құлау кезінде жарақат алмау үшін.
15.11. Төбесіне қар мен мұз салбырап тұрған ғимараттардың қасында ойнама.


№ 16 НҰСҚАУЛЫҚ
Жазғы каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
17.1. Жолда жүру ережелерін сақта (№2)
17.2. Элекр құралдарымен жұмыс жасау кезінде өрт қауіпсіздігін сақта (№6)
17.3. Қоғамдық жерде өзін ұстау ережелерін сақта (№4)
17.4. Сырттағы жеке басының қауіпсіздігін сақта (№5)
17.5. Жазда су қауіпсіздігінің ережелерін сақта (№8 )
17.6. Үйде жалғыз болған кездегі қауіпсіздік ережелерін сақта (10)
17.7. Жануарлармен қатынас жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақта (№9)
17.8. Үшкір заттармен, тікенді, кесетін заттармен, тез жанатын, жарылатын, мылтықпен ойнама.
17.9. Дәрігердің нұсқауынсыз дәрілерді, анаша, ішімдікті ішпе, темекі тарпа, иіскеме.


№ 17НҰСҚАУЛЫҚ
Дене шынықтыру сабағы кезіндегі қаіпсіздік ережелері:
18.1. Дене шынықтыру сабағына тек қауіпсіздік техникасының нұсқаулығымен таныс болған оқушылар жіберіледі.
18.2. Дене шынықтыру сабағына дәрігерді рұқсатымен ғана жіберіледі
18.3. Оқушылар сабақта спорттық киім және таза спорттық аяқкиім киюлері міндетті. Спорттық киім спорт залындағы температураға және ауа райының жағдайына сәйкес келуі керек.
18.4.Оқушылар арнайы шешінетін бөлмеде киімдерін ауыстырады.
18.5. Шешінетін бөлмеде оқушыларға терезенің алдына отыруға, терезе ашуға, орындыққа мінуге, қоқыстауға тыйым салынады. Мұндай жағдай болған жағдайда міндетті түрде мұғалімге хабарлау тиіс.
18.6. Құнды заттарды шешінетін бөлмеге тастамау керек, оны дене шынықтыру сабағынан босатылған оқушыларға немесе дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне берулері керек.
18.7.Дене шынықтыру сабағынан босатылған оқушылар сыныппен бірге сабаққа қатысулары керек. Міндетті түрде босатылғаны жөнінде анықтаманы көрсетулері керек.
18.8. Қоңырау соғылған уақытта спорт залында сапқа тұрады. Сабақ сыртта болған уақытта оқушылар мұғалімсіз бөлмеден шығуға болмайды.
18.9. Дене шынықтыру сабағында сағыз шайнауға болмайды.
18.10. Ұялы телефонмен тек мұғалімнің рұқсатымен пайдаланған жөн.
18.11. Оқушылар мұғалімге сабақ өткізуге және өзгелерге жаттығуларды орындауға кедергі келтірмеу керек.
18.12. Оқушылар арасында жанжал туындаған кезде міндетті түрде мұғалімге айтулары керек.
18.13. Сабақта мұғалім рұқсат берген жаттығуларды орындауы керек.
18.14. Өз бетімен орындайтын жаттығуларды оқушылар өз деңгейіне және денсаулық жағдайы мен өткізу орнына сәйкес таңдаулары керек.
18.15. Өз бетімен спорттық мүліктерді алуға тыйым салынады.
18.16.Доппен жұмыс жасаған кезде басқа оқушыларды жараламас үшін доптың түскенін қадағалау керек.
18.17.Спорттық ойын кезінде өзін ұстау керек.
18.18. Мұғалімнің рұқсатынсыз тақтайшада және шведтық жарда жаттығу жасауға болмайды.
18.19. Баскетбол сақинадарында асылып тұруға тыйым салынбайды.
18.20.Мұғалімнің рұқсатынсыз қақпаны ауыстыруға тыйым салынады.
18.21. Залдың екі топ үшін бөлінген жағдайда, бір шетінен екінші шетіне өткен кезде абайлау керек.
18.22. Спорттық мүліктің бұзылғаны туралы міндетті түрде мұғалімге хабарлау керек.
18.23. Дене шынықтыру мұғаліме ауырғаны туралы жедел хабарлауы керек.


№18 НҰСҚАУЛЫҚ

Сабақ кезінде және үзілісте сақталуы тиіс тәртіп ережесі:



  1. Сабақ кезінде және үзіліс кезінде оқушы өзін талапқа сай ұстауы тиіс;

  2. Сабақ аяқталған кезде сыныпты желдетіп ауасын тазарту мақсатында сыныптан шығуы тиіс;

  3. Мұғалімдерге, сыныптастарына және жолдастарына сыпайы қарым-қатынас жасауы тиіс;

  4. Мектеп ғимаратында біреуді тілдеуге, кемсітуге, ар-намысына тиетін сөз айтуға жол бермеуі тиіс;

  5. Басқаға психикалық және физикалық күш көрсетуге жол бермеу, барлық туындаған мәселені бейбіт жолмен шешу;

  6. Кезекші мұғалім мен кезекші оқушылардың талаптарын орындау;

  7. Дене шынықтыру, Еңбекке баулу сабақтарында еңбек нұсқаулықтарын сақтау;

  8. Үзіліс кезінде жүгірмеу, бір-бірін итеру салдарынан жарақаттануға жол берілмеуі тиіс;

  9. Баспалдақпен жүгіруге, асылып ойнауға, секіруге тыйым салынады және осындай ережені бұзған оқушыны байқаған жағдайда тоқтатуы тиіс;

  10. Егер үзіліс кезінде түрлі дене жарақатын алған оқушыны байқаған жағдайда тез арада жақын жердегі мұғалімге, сынып жетекшіге, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына және мектеп директорына хабарлауға міндетті.



№19 НҰСҚАУЛЫҚ
Қоғамдық көліктердегі қауіпсіздік ережелері:
Есіңде сақта: Қоғамдық көлік – қауіптілік тудыруы мүмкін ортаның бірі, сондықтан:

  1. Қоғамдық көлікті күту кезінде қараңғы, адам аз жүретін жерде емес, жарық, көлік күтуші адамдардың қасында тұруың керек;

  2. Көлік келіп тоқтаған кезде бірінші болып мінуге тырыспа, көлік тоқтап үлгермей қалып дөңгелек астына түсуің мүмкін;

  3. Көлікте отырып ұйықтауға болмайды, көлік тежегіші жылдам басылған кезде жарақат алуың мүмкін;

  4. Есік алдында немесе баспалдақта тұрма, есік ашылып кетіп құлауың әбден мүмкін;

  5. Адамы жоқ, бос автобустарға, троллейбус , трамвай және электропоездарға мінбе;

  6. Егер тым кеш шығып көлікке отырсаңыз онда жүргізушіге немесе шығу жолына жақын отыр;

  7. Қыз балалар әйел адамдарға жақын отыруы тиіс;

  8. Бет-аузын бүркемелеген адам көлікке отырса ол адамға тіке қарамай теріс қарап отыр, сөйлесуден аулақ бол;

  9. Өз заттарыңа мұқият бол;

  10. Электропоезға отырсаңыз адамы бар және бірінші вагонға отыр;

  11. Пойыз тамбурына тұруға болмайды, көліктен түскен кезде асықпай түс әйтпесе келесі көліктің астына түсуің мүмкін;

  12. Көліктен тоқтар кезде ұстауға арналған тұтқалардан ұстап тұр.

Қоғамдық көлікте тыйым салынады:



  • Қажет болмаса автобус,троллейбусқа отырма;

  • Екі жақтағы есікті қатар ашпа, бірінші оң жақтағы есік ашылады;

  • Терезеден басыңды немесе қолыңды шығарма;

  • Жүргізушіні алаңдатпа;

  • Көліктің түрлі басқыш құралдарын,тежегішті қоспа немесе айырып тастама;

  • Қажетсіз жағдайда апатты хабарлағыш құралды басуға.

№20 НҰСҚАУЛЫҚ

І. Қауіпсіздік ережесін сақтаудың жалпы талаптары:





  1. Сыныпта оқитын оқушылардың барлығы дерлік осы нұсқаулықтарды орындауға ;

  2. Тәртіп ережелерін сақтай отырып сыныпқа кіру және шығуға;

  3. Сыныптан шығар есікті сөмкемен және портфельдермен жауып, оқушылардың шығуына кедергі келтірмеуге ;

  4. Сыныптан шығар кезде жарықты немесе басқа да электр қондырғыларын қоспауы тиіс;

  5. Терезелерді ашпауға;

  6. Парталар мен орындықтарды орнынан қозғап тастамауға;

  7. Электр қосқыштарын қолымен ұстамауға міндетті.

ІІ Оқу процесі басталар алдындағы қауіпсіздік ережесі.





  1. Кабинетті кілтпен мұғалімсіз өз еркімен ашуға;

  2. Сыныпқа асықпай кіруге;

  3. Өз орнына жайғасып, оқу құралдарын дайындауға;

  4. Өз орнын мұғалімнің рұсатынсыз ауыстырмауға міндетті.

ІІІ Сабақ кезіндегі қауіпсіздік ережесі:





  1. Мұғалімнің сабақ түсіндіруі мен нұсқауларын мұқият тыңдау;

  2. Сабақ кезіндегі тәртіп пен ережерді дұрыс ұстану;

  3. АКТ құралдарын өз бетімен қоспау;

  4. АКТ құралдарын бір жерден екінші жерге тасымау;

  5. Сабақ кезіндегі тапсырмаларды мұалімнің рұқсатынан кейін ғана орындау;

  6. Сабақ кезінде тәртіп пен тазалық сақтау;

  7. Еңбекке баулу сабағында өткір, ұшты нәрселерді қолдануда қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау;

  8. Серуен кезінде тәртіп пен ережеге бағыну;

  9. Мұғалімнің рұқсатынсыз серуен кезінде топтан ұзап кетпеу.

IV Оқу процесінің аяқталуы кезіндегі қауіпсіздік ережесі





  1. Сабақ аяқталған соң өзінің жұмыс орнын қалыпқа келтіру;

  2. Сыныптан мұғалімнің рұқсатынсыз шығып кетуге болмайды;

  3. Сынып ішіндегі келеңсіздікті байқаған жағдайда мұғалімді хабарлар ету;

  4. Сыныптан сапқа тұрып, ешкімді итермей, тәртіпті сақтап шығу









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет