Сынып жетекшісіне қойылатын педагогиклық-психологиялық талаптар Жалпы ережелер Осы орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы»



бет3/8
Дата09.05.2022
өлшемі27,04 Kb.
#33267
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
сынып жет миндеттери

3. Сынып жетекшісінің функциясы

1) Ұйымдастыру-үйлестіру функциялары:

сынып ұжымын дамытудың талдауына, жай-күйіне және даму перспективасына қарай, құрастырылған орта білім беру ұйымының тәрбие жұмысы жоспарын ескере отырып сынып жетекшісі қызметінің жоспарын әзірлеу. Тәрбиелік қызметтің нәтижелерін болжау;

педагогикалық қызметкерлермен және білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының басқа қызметкерлерімен, білім алушылардың ата-аналарымен және басқа заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау, оларға білім алушыларды тәрбиелеуде көмек көрсету (жеке, психолог, әлеуметтік педагог, қосымша білім беру педагогы арқылы);

жалпымектептік ұжым қызметі шеңберінде білім алушылар тұлғасының оң әлеуетін дамыту үшін сыныпта тиімді білім беру процесін ұйымдастыру;

білім алушылардың орта білім беру ұйымында және мектептен тыс ұйымдарда сабақтан тыс уақытта, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі арқылы алуан түрлі қызметін ынталандыру және есепке алу;

білім алушылармен, олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен оқыту жұмысын ұйымдастыру;

халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды анықтау, есепке алу және оқу-тәрбие процесін тиімді жобалау, оларға тиісті көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында жұмыс жүргізу;

білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына, мамандықты саналы таңдауына ықпал ету;

сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестік жұмысына қатысуы;

тәрбие жұмысын сынып ұжымымен жоспарлау, білім алушылармен, олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен жүргізілетін жеке жұмыс жоспарын әзірлеу;

жалпымектептік жоспарлаудың негізгі қағидаттарының орындалуын ескере отырып, сыныппен жүргізілетін тәрбие жұмысын жоспарлау нысандарын анықтауға;

сыныпта тәрбие процесін ұйымдастыруға пән мұғалімдерін, білім алушылардың ата-аналарын және өзге де заңды өкілдерін, басқа салалардың мамандарын (ғылым, өнер, спорт, құқық қорғау органдары және т.б.) тарту;

сыныпта оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушыларды сынып және мектеп ұжымдарының жүйелі қызметіне қатыстыру;

білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың отбасындағы және мектептегі тіршілік әрекетін зерделеу;

білім алушылардың мінез-құлқындағы девиантты көріністерді қадағалау және дер кезінде айқындау, тиісті педагогикалық және психологиялық көмек көрсету, мектеп әкімшілігін хабардар ету;

білім алушыларға олардың аса күрделі өмірлік проблемалары мен жағдайларын шешуде көмек көрсету;

білім алушылардың әлеуметтік, психологиялық және құқықтық қорғалуын ұйымдастыру;

сынып ұжымында қолайлы психологиялық ахуал жасау;

салауатты өмір салтын насихаттау;

білім алушылардың ата-аналарын және өзге де заңды өкілдерін олардың үлгерімі мен тәртібі туралы хабардар ету, сыныптағы ата-аналар комитеті жұмысына түзету енгізіп отыру;

жалпы білім беретін пәндер бойынша педагогикалық қызметкерлермен өзара әрекеттесу;

сынып ұжымымен сынып сағаттарын және басқа да сабақтан тыс, мектептен тыс іс-шаралар өткізу;

сынып құжаттамасын (білім алушылардың жеке істері, сынып журналы, күнделіктерінің толтыруын қадағалау), сондай-ақ орта білім беру ұйымының нормативтік актілерімен айқындалған басқа да құжаттамаларды жүргізу;

өзін-өзі сақтау және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді;

техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау;

сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шараларды өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;

білім беру ұйымының басшысын бала құқықтарының бұзылу (қорқытып алу, бопсалау, балалардың қаза болу және басқа да жазатайым оқиғалар) және білім алушының құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) жасау фактілері туралы уақтылы хабардар ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет