15. Сынып жетекшісі оқу тоқсаны бойында:
1) сынып журналының жүргізілуін қамтамасыз етеді;
2) сынып жетекшілері әдістемелік бірлестік жұмысына қатысады;
3) тоқсан бойы тәрбие жұмыс жоспарының орындалуына, оқушылардың үлгерім жағдайына және тәрбиелік деңгейіне талдау жүргізеді;
4) жаңа оқу тоқсанына арналған тәрбие жоспарын әзірлейді;
5) сынып ата-аналарының жиналысын өткізеді;
6) оқу бөліміне сынып оқушыларының тоқсандағы оқу үлгерімі туралы
есеп тапсырады;
16. Сынып жетекшісі жыл сайын:
1) оқушылардың жеке істерін ресімдейді;
2) оқу жылы бойындағы сыныптағы тәрбие жұмысының жай-күйіне, білім алушылардың тәрбиелілік деңгейіне талдау жүргізеді;
3) сыныптың тәрбие жұмысы жоспарын (сынып жетекшісінің жоспары) жасайды;
4) сыныптағы білім алушылар туралы статистикалық есеп жинайды және мектеп әкімшілігіне тапсырады.
5. Сынып жетекшісінің құжаттамасы
17. Сынып жетекшісі мынадай құжаттаманы жүргізеді:
1) орта білім беру ұйымы жұмысының перспективалық жоспары негізінде тәрбие жұмысының жоспары. Тәрбие жұмысының талдауы мен жоспарының нысанын мектеп сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі айқындайды;
2) білім беру ұйымы басшысы белгілеген нысанда сыныптың әлеуметтік паспорты;
3) сыныптағы білім алушыларды педагогикалық, әлеуметтік, психологиялық, табиғи зерттеу нәтижелері;
4) ата-аналар комитеттері мен ата-аналар жиналыстары отырыстарының хаттамалары, ата-аналар жиналыстарын дайындауға арналған материалдар;
5) балалармен жүргізілетін тәрбие іс-шараларының материалдары;
6) сынып жетекшілігі бойынша әдістемелік жұмыс материалдары;
7) тәрбие жұмысының тоқсандық, жартыжылдық және жылдық талдауы;
8) есептер, талдау және басқа да материалдары.
6. Сынып жетекшісінің тәрбие қызметі
нәтижелілігінің өлшемшарттары
18. Сынып жетекшісінің тәрбие қызметі нәтижелілігі төмендегі өлшемшарттармен айқындалады:
1) сынып жетекшісі қызметінің нәтижелігін білім беру ұйымдарының әкімшілігі мен басқа да білім беру процесіне қатысатын ұйымдар талдайды және бағалайды. Осы мақсатта әрбір білім беру ұйымдарында жұмыс жүйелерінің өлшемшарттары, сондай-ақ бағалау-талдау қызметінің тәсілдері әзірленеді.
2) сынып жетекшісінің қызметін бағалауды, әдетте, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.
3) сынып жетекшісі жұмысының тиімділігі өлшемшарттар негізінде бағаланады, олардың сипаттамасы:
тәрбиеленушілердің тұлғалық сапасын және жеке қабілеттіліктерін дамыту деңгейлері;
білім алушыларға тұрақты білім беру бағдарламасын табысты игеруді немесе үлгерім динамикасының оң болуы;
сынып ұжымының, сыныпты тәрбиелеу жүйесінің қалыптастырылуы;
ата-аналар балалардың сыныптағы тіршілік әрекетіне және сынып жетекшісі қызметінің нәтижелелеріне қанағаттаншылық танытуы;
тәрбиеленушілердің әртүрлі әрекеттерде нәтижеге жетуі;
балаға сынып қауымдастығының қолайлы болуы;
4) өлшемшарттардың аталған жүйесі қажеттілігінше, сынып ұжымының арнайы ерекшелігі мен оның тәрбие қызметін көрсететіндей болуы және қосымша көрсеткіштермен толықтырылуы да мүмкін (құқық бұзушылықтың болмауы, қоғамдық және білім алушылардың шығармашылық белсенділігі және т.б.).
Таңдалып алынған өлшемшарттарға сәйкес психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістемесі, бағалау-талдау қызметінің әдістері мен тәсілдері жинақталады және қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |