«Жылу құбылыстары» бөлімі Оқу мақсаттары 8.3.2.5 -жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген
жылу мөлшерін анықтау
8.3.2.6- заттың меншікті жылу сыйымдылығының
мағынасын түсіндіру
Бағалау критерийлеріБілім алушы • Жылу мөлшерін есептейді
• Меншікті жылу сыйымдылығының физикалық
мағынасын түсіндіреді
• Өлшем бірліктерді ХБЖ-іне түрлендіреді
Ойлау дағдысының Қолдану
деңгейі Тапсырма 1 X және Y металл блоктары бөлме температурасында тұрды. Блоктар қыздырылып әрбірінің температурасы 10 oС-қа артты. Содан кейін блоктар қайтадан бөлме температурасына дейін суыды. Y блоктың жылу сыйымдылығы X блоктың жылу
сыйымдылығынан үлкен. 10 oС-қа қыздырғанда қай блокқа көп энергия беріледі және бөлме температурасына дейін суығанда қай блок көп энергиясын жоғалтады?