Сынып-сабақ жүйесінде мультимедиа технологияны қолданудың



Дата21.12.2023
өлшемі19,12 Kb.
#141974
түріСабақ

4. Мультимедиа жəне дəстүрлі оқыту формалары. Мұғалімдер мен оқушылардың мультимедиа құралдарымен жұмысының психологиялық қырлары.Мысалдар келтіріңіз.

Сынып-сабақ жүйесінде мультимедиа технологияны қолданудың


жақсы жəне жаман жақтары да бар. Оқытуды сынып-сабақ түрінде
ұйымдастырудың артықшылықтары төмендегідей:
- экономикалық тиімділік (жеке оқытумен жəне тəрбиелеумен
салыстырғанда);
- оқытудың нақты ұйымдастырылған жүйесі жəне оны басқару
(нақтылық жəне оқу-тəрбиелеу үдерісіндегі үздіксіздік);
- оқу материалын берудің жүйелік жəне жоспарлы сипаттамасы;
- фронтальды, топтық, жеке жұмыс формаларын үйлестіру жəне
оперативті түрде бір формадан екіншісіне өту мүмкіндігі;
- мұғалімнің білім алушылардың жеке ерекшеліктерін білу, білім
алушылардың бірін танып білуі негізінде сынып ұжымының
əрбір білім алушының оқу іс-əрекетіне стимулды əсер етуі;
- оқушылардың ұжымдық жұмыс сипатындағы өзара
бəсекелестігі;
- мұғалімдерді пəндік оқытуға мамандандыру мүмкіндігі;
- міндетті оқу іс-əрекеті əр түрлі сыныптан тыс, сабақтан тыс
жұмыстармен тығыз байланысы.

Негізгі кемшіліктеріне төмендегілер жатады:


- үлгерімі орташа оқушыға бағдарлану, мұның нəтижесінде
үлгерімі нашар оқушыларды оқытуда қиындықтар туындайды
жəне үлгерімі жоғары оқушыларды дамытуда кідіріс болады;
- мұғалімнің тарапынан оқушыларға бірыңғай,
жекешелендірілмеген сипаттағы идеялық-эмоционалдық əсер
етудің басым болуы;
- ережеге сай, оқыту кезеңінде сабақты стандартты құру;
- жаңа оқу материалын мазмұндау кезінде жұмыстың
фронтальдық формасының басым болуы;
- сабақты сұрау жəне оқыту материалын тақтада бекіту кезінде
жекелеген білім алушылардың топтарымен жұмыс істеу, бұл
жағдайда қалған оқушылар сабаққа нақтырақ айтқанда оқыту
үдерісіне қатыспайды;
- оқыту жұмыстарының ұжымдық формасын қолдануға
мүмкіндіктерді шектеу;
- мықты оқушылармен «уақытынан бұрын» өту жəне оларды
келесі сыныпқа көшіру мүмкіндігінің болмауы.
Оқушыларды сынып-сабақ жүйесінде оқытуда сабақ барлық
пəндерден арнайы кабинеттерде жүргізіледі.

Қазіргі мультимедиалық технологиялар компьютерлік


сыныптағы пəндік сабақ туралы айтуға мүмкіндік береді. Мысалы, интербелсенді тақтамен сабақ жүргізу.

Қазіргі таңда ең бір перспективалық жəне маңыздылардың бірі


мектеп бағдарламасының тұйықталған бөлімін интербелсенді тақта
сыныбы шартында оқуда мультимедиа технологиясын кешенді
қолдану тəсілі болып табылады.

Қазіргі уақытта мектепте мультимедиалық құралдармен


оқытудың ең қолжетімдірегі мультимедиалық CD дискілер.

Компьютер, мультимедиа ресурсы жəне интербелсенді тақта


аталған техникалық оқу құралдарын интеграциялауға жəне оның
мүмкіндіктерін толықтыруға, сонымен қатар, барлық сабақты
жүргізуге мүмкіндік береді.

Мультимедия-технологиялар оқушыны дайын оқу материалының


пайымдаушысы ғана етіп қоймай, оны жасауда, түрлендіруде,
оперативті қолдануда оның қатысушысы етуге мүмкіндік береді


Мұғалімдер мен оқушылардың мультимедиа
құралдарымен жұмысының психологиялық қырлары

Мұғалімдер мен окушылардын мультимедиа


құралдарымен жұмысынын психологиялык кырлары
Мектеп окушыларын окытуда мультимедиа технологияла-
рын пайдалану психологиялык және педагогикалык тұрғысынан
манызды бiрнеше мəселелердi туындатады. Мұндай аспектiлердiн
бiрi мұғалімдер мен окушылардын мультимедиалык ресурстар мен
компьютерлік техникамен карым-катынасынын психологиялык
кырларын аныктауда болып табылады
Мектеп оқушыларын оқытуда мультимедиа технологияларын пайдалану психологиялық жəне педагогикалық тұрғысынан
маңызды бірнеше мəселелерді туындатады. Мұндай аспектілердің
бірі мұғалімдер мен оқушылардың мультимедиалық ресурстар мен
компьютерлік техникамен қарым-қатынасының психологиялық
қырларын анықтауда болып табылады.
компьютер педагогикалық үрдістің
көшбасшысы – мұғалім іс-əрекетінің құралы. Сонымен қатар мұғалім
мен оқушының рөлі мен позициясы əртүрлі.

мультимедиа-ресурстарын


пайдаланудың келесідей психологиялық артықшылықтарын ерекшелеуге болады:
1. Визуализация. Графикалық ақпаратпен жұмыс, сонымен қатар
белгілік материалдармен жұмыс көрнекілік ойлау ресурстарын
мобилизациялауға мүмкіндік береді.
2. Ойдың сурет немесе схема түрінде материалдануын жылдамдатады.
3. Жағдайдың түрленген шаблондарымен компьютерден алынған
нəтижелерді жылдамдату жəне арттыру.
4. Компьютер арқылы орындалатын іздеу əрекетін жүзеге асыру
мүмкіндіктерін кеңейтеді.
5. Күрделі іс-əрекеттің аралық кезеңіне (компьютердің жадын
қолдана отырып) қайта оралу мүмкіндігін береді.
6. Бір немесе бірнеше объектіні бірнеше көзқарас тұрғысынан бір
кезеңде қарастыру, объектіні түрлендірудің бірнеше нұсқасын
салыстыру мүмкіндігі.

Компьютер жəне мультимедиа ресурстардың пайда болуымен


оқушылар мен мұғалімдер арасында жаңа қарым-қатынас түрі туындайды. Бұл ойды ашып қарастыра отырып, О. К. Тихомиров былай
деп жазады: «ақыл-ой іс-əрекетінің өзгерісіндегі маңызды фактор
ЭЕМ желісін жасау болып табылады..

Сабақ барысында мультимедиа-ресурстарды қолдану арқылы


мұғалім оқушылармен өзара оқу əрекеттестік формаларын икемді
ауыстыруға (фронтальдық, топтық жəне жекелей формалардың ауысымы; оқушының танымдық стилін ескеру негізінде оқытуды
жекелендіру, оқушыға жеке жұмыс жасауға мүмкіндік беру жəне
т.б.) сонымен қатар, оқушылардың өзара оқу əрекеттестігінің жаңа
формаларын қолдануға мүмкіндік алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет