Сынып сағат Бағыты: Отбасы тәрбиесі



бет4/4
Дата06.04.2023
өлшемі40,5 Kb.
#79998
1   2   3   4
Байланысты:
Ашық тәрбие сағаты 10сынып

VII. Жүректен жүрекке. Оқушыларға жеке-жеке парақ таратылады. Параққа ибалы ұл мен инабатты қыз болу үшін қандай тәрбиені ұстану керек екендерін жазып тақтаға жабыстырады.
VIII. Қорытынды
Мұғалім. Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие шарамыздан не түйдік?
Бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.
Аң жортар аяғымен, жер еркесі,
Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.
Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,
Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да инабатты ұл –қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын.

Жалғасын тап – деп аталады. Ережесі: тәрбие, отбасы туралы мақал – мәтелдеріді жалғастыру, және мағынасын түсіндіру.
1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)
6. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
7. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
8. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
9. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
10. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет