Сынып сағат Бағыты: Отбасы тәрбиесі



бет3/4
Дата06.04.2023
өлшемі40,5 Kb.
#79998
1   2   3   4
Байланысты:
Ашық тәрбие сағаты 10сынып

Үндістан балалары.
Қытайдың балалары.
Франция балалары.
Румын балалары.
Мұғалім:
Қазақ балаларының тәрбиесі – Қазақ халқы қашанда бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәби дүниеге келегеннен бастап оның өсіп, дене бітімі дұрыс қалыптасып, ақыл ойының жетілуіне дейін үлкен көңіл бөлген. Дана қазақ тоғыз ай құрсақта жатқан сәбиді тербелген тал бесікке салған. Аяулы анасы бөбегін әдемі әлдиімен сусындатып, ардақты әженің ертегісін тыңдатып, әкенің қамқорлығына бөленген бала болашақта нағыз халқына қалаулы, еліне елеулі болады деп сенген. Іңгәләп, дүние есігін ашқан соң бала аппақ парақтай пәк болары анық.
VІ. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып тәрбиесі
Салт-дәстүр –ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт-дәстүрмен, өнегелі әдет ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Салт-дәстүр – халық өмірінің айнасы. Оның жас ұрпаққа берер тәлім тәрбиесі таудай-ақ. Алайда оны жаңа ғасыр жастары ата-баба көзіндей қып, қажетіне қолданып жүрме?
Ұлттық ізгі дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қарамай,

осы заманға лайықтысын таңдап алып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу– ата – ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті.

Атадан – ұлағат, анадан – ғибрат.
Осы орайда үйдегі әдет ғұрыптарымыздың бірі, «Қазақ елі қонақжай ел» «табақ тарту» дәстүрі.

Сол салт дәстүрдің, әдет-ғұрыптың бірі «табақ тарту», «ою өрнек» түрлерін ажырату. Ұлдар – табақ тарту ережелерін, жіліктердің аттарын атайды, қыздар – ою өрнектердің мағынасын түсіндіреді.


Халқымыз ерте кезден – ақ адамгершілікті, әдепті бағалай білген. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі – өнеге көрген қыз бала қайда болса да, келін болғанда да көрегенділігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие алған ұлдар жау келгенде жайдақ атқа міне шабатын өжет, батыл, адал, жеріне, туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де, кішіге де қамқор бола білген ғой.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет