«Дауыстап оқиық және есте сақтайық» Тақтада жазылған құқықтармен танысады. Барлығымыз оқиық.
Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар?
Өмір сүруге
Ата-тегін алуға
Отбасында тәрбиеленуге
Жеке бас бостандығына
Азаматтық алуға
Білім алуға
Баспана алуға
Дүние мүлікке
Демалуға
Денсаулықты сақтауға
Сөз бостандығына
Қоғамдық жұмыстарға араласуға Балалар біздің құқықтарымыздан басқа міндеттеріміз бар екенін естен шығармауымыз керек.
Не істеуге міндеттіміз?
Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;
Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;
Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;
Тарихи мәдени мұраларды сақтауға;
Тарихи ескерткіштерді қорғауға;
Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға;
Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;
Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға;
Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.
Сонымен балалар құқық деген не, міндет деген не? Ойланайық
Оқушыларды марапаттау
«Ойды аяқта…» Бала құқығы деген— балалардың өмір сүруі мен өсуіне жағдай жасау.
Құқық-адамдардың тәртібін,қарым-қатынасын реттеп отыратын ережелер жиынтығы.
Мемлекет белгілеп қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы Міндет-адамдар бұлжатпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым-қатынасқа қойылатын талап.
Ендеше құқық пен міндетті айыру үшін біз сергіту сәтін немесе ойын ойнайық.