Сынып сағаты Мектеп атауы: №1 А. С. Пушкин атындағы мектеп гимназиясы



бет6/10
Дата19.02.2023
өлшемі49,55 Kb.
#69234
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Сынып сағаты 1

Сабақтың барысы

Сабақтың кезең
/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының
әркеті

Ресурстар






Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы
Тәуелсіздігімізді алып,өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол,сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше.Қазір оқу орындарында ұлттық тәрбиеге айрықша мән берілуде. «Жастар біздің болашағымыз» дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр.

І. «Сан саяхат»


Оқушыларға:
1. Жеті ата деген не? Өз жеті атаңды білесің бе?
2. Төрт түліктің пірлерін ата?
3. Сүтті төрт түлік малдың аттарына байланысты ата (қой, ешкі, сиыр- сүт, бие сүті- қымыз, түйе сүті-шұбат)
4. Жылқы туралы мақал- мәтел айта аласыз ба?
(Жылқының сүті шекер, еті бал. Адам жылқы мінезді. Жылқы-малдың патшасы.)
5. «Қара кемпір», «Қара шал», «Бозторғай» әндерінің авторы кім? (әнші сазгер А.Қоразбаев)
ІІ. Сыңарын тап
1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкімжақтамайды.)
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)
Балаларға:
1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
ІV. Сіздің пікіріңіз.
Кешкі ас ішіп болған соң ауыз үйде ыдыс-аяқ жуылмай қалды. Өйткені бір жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткесін қызыңыз сізге; « шеше, ыдысты таңертең жуа салайыншы» десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?



Салт - дәстүр халықтардың тіршілік кәсібіне, наным - сеніміне, өмірге деген көзқарасына байланысына туып, қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Оның жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері дамып, жаңа мағынаға ие болады. Мысалы, қазақтар жауынгершілік заманында қой сойып, қанына найзасын малып, бір - бірімен анттасып достасқан. Достықты бұзғанды ант атсын деп серттескен. Бертін жаңа қоғамның дамуына байланысты анттасу салты мүлде жойылды. Қазақ халқының салт - дәстүрлері: бала тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер, тұрмыс салт - дәстүрлері, әлеуметтік - мәдени салт - дәстүрлері болып үш топқа бөлінеді.

«Кім көп біледі?» қойылған сұрақтарға келіскен - келіспегеніңді білдіріп « ия» немесе «жоқ» деп жауап беруі қажет.


1. Сыйлы адамға берілетін етті сыбаға деп атай ма? Ия
2. Абай атамыздың шын аты Ибраһим дегенге келісесіз бе? Ия
3. Тоқтар Әубәкіров қазақстанда алғаш ғарышқа ұшты ма? Ия
4. Әбілхан Кастеев атақты сазгер ма? Жоқ
5. «Үш бақытым» М. Әуезовтың өлеңі ме? Жоқ
6. «Тоғызқұмалақ» қазақтың ұлттық ойыны ма? Ия
7. Күй атасы Қорқыт баба дегенге келісесіз бе? Ия
8. 1 мамыр балаларды қорғау күні ма? Жоқ
9. Мұқағали Мақатаев «Абай жолы» романының авторы ма? Жоқ
10. Аққу киелі құс дегенге келісесіз бе? Ия
11. 9 мамыр Ұлы отан соғысының басталған күні ма? Жоқ
12. «Палау» қазақтың ұлттық тағамына жата ма? Жоқ
13. Жылқының пірі Қамбар ата ма? Ия
14. 22 наурыз қазақ халқының Жаңа жылы дегенге келісесіз бе? Ия

« Ата салтың – халықтық қалпың» Салт - дәстүрге байланысты сұрақтар.


1. Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киеді? ( Жаңа түскен келін)
2. Жаңа аяқтанған баланың тез әрі сүрінбей жүруі үшін жасалатын салт қалай аталады? ( Тұсаукесер)
3. Үш арсызды ата? ( Ұйқы, күлкі, тамақ)
4. Ұзатылған қызға берілетін дүние мүлік қалай аталады? ( Жасау)
5. Кешкілік ауылдың қыз - жігіттері ауыл сыртына барып ойын - сауық жасайды, бұл қандай ойын? ( Ақсүйек)
6. Бес қаруды ата ( Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)

 Отбасы, ата-ана, салт-дәстүрлер туралы нақыл сөздер.

Саналы ұрпақ порталы






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет