Сынып сағаты: «Мен өз Отанымның патриотымын!»



Дата09.03.2022
өлшемі23,15 Kb.
#27278
Байланысты:
сынып сағаты (копия)


Сынып сағаты:

«Мен өз Отанымның патриотымын!»

Күні Сынып Тексерген

Тақырыбы: «Мен - өз Отанымның патриотымын»


Мақсаты:
1) Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
2) Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3) Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта
Барысы:
Ұйымдастыру.
- Амандасу. Құрметті оқушылар сендерді білім күні мерекесімен құттықтаймын. Кеше ғана кіп - кішкентай бүлдіршін едіңдер, енді міне кішкене болса да ақылдарың толып, бойларың өсіп қалыпты. Биыл бастауыш сыныптың соңғы жылына аяқ бастыңдар. Сендерге осы жаңа оқу жылында өздеріңді білім, өнер, тәрбие жағынан яғни тек жақсы қырларыңнан көрінулеріңе тілектеспін. Жақсы тәрбиелі, өз елін отанын сүю үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу. Қазір мен сендерге әріптер көрсетемін сендер сол әріптен басталатын жақсы адам бойынан табылатын қасиеттерді айтасыңдар.
П - атриот, парасатты
А - қылды,
Т - талантты
Р - рухы биік, рақымшыл
И - набатты, ибалы,
О - тансүйгіш
Т - әрбиелі
- Балалар, қандай сөз шықты? Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен - өз Отанымның патриотымын» - деп аталады
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.
Негізгі бөлім:
- Ал ондай болса отан туралы әдемі өлең шумақтарымызды тыңдап өтейік.
Оқушы: Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз - бақытты баламыз!
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
Оқушы: Отан деген не, кім қалай түсінеді?
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым білгің келе ме?
Оқушы: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай көлімізді.
Оқушы: Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Оқушы: Отан - тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, өз - халқың.
Отан – өлең, Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Оқушы: Отан – сенің ата - анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
Оқушы: Отан – осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
«Отан» деп өс жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!
Оқушы - Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Оқушы: «Үш бақытым»
Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?
Өз елінің тарихын, салт - дәстүрін құрметтейтін білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек. Әр адам өз еліне өзінше еңбек етіп өз үлесін қосу керек.
- Сондай - ақ жазғы Бразилия мемлекетінде болған спорт жарысында біздің отандастарымыз 17 медаль алып келді. Яғни бұл спортшыларымызды нағыз патриот деуге бола ма? Неге?
- Ал ондай болса сендердің патриот екендеріңді дәлелдеу үшін сендермен 20 ғасыр көшбасшысы ойынын ойнаймыз.
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата - бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.
Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.
Қазақстан - тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату - тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
Аумалы - төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, халық жағдайын жасаған шешендері, білімпаз билері, әр елде, әр ауылда сөз тыңдар ақсақалдары болған. Қазақта аты аңызға айналған Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би сияқты би - шешендер өте көп.
Мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Қазақ тілін білу - әрбір қазақстандық азаматтың борышы.
Оқушы: «Туған тілім»
Сондай - ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды. Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.
1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Оқушы:
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен - тек,
Елдің ашық қабағы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді.
Оқушы:
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбәт, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Кез - келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
Оқушы: Оттай жанып жанарың
Одан қуат аламын
Әнұран ол — тынысы
Кең жазира даламның.
Қорытынды
Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді.
Б - білімімді арнайтын
О - отанымды қорғайтын
Л - лаңкестікті даттайтын
А - адалдықты жақтайтын
Ш - шуағымды шашатын
А - асулардан асатын
Ғ - ғарыш сырын меңгерген
Ы - ынтымақты тең көрген
М - менмендікті жек көрген
Қ - қазаққа қызмет ететін
А - арманына жететін
З - заңды жақсы білетін
А - алға қарай жүретін
Қ - қайырымды елімнің
С - салтанатты жерімнің
Т - толықтырам сенімін
А - абыройын, жігерін
Н - намысын қолдан бермейтін
Бәрі: Мен боламын еңбекқор,
Болашағы елімнің!
Ән «Көк тудың желбірегені».
Қортынды: — Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж.
Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай - ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет