ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰСТАНЫМДАР
Алдыңа мақсат қою
Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену
Іске дайын болу
Адымыңды анық басу
Алға ұмтылу
Қорықпау, күмәнданбау
Көңіліңді тоқ ұстау
Жаңашыл болу
Басқалармен кеңесу
Тәуелсіз болу
Біртұтасты бөлшектеу
Жетістіктеріңнің қайдан келуің ұмытпау
Жетістікке жету үшін
Өз потенциалынды біл
Өзіңе шектеу қойма
Өзіңді мойындат
Сезіміңді сыйла
Әдетке айналдыр
Құндылықтарынды таны
Жетістікке жетудің екі жолы бар:
өз ақылыңды пайдалану
басқалардың ақылынан пайдалану
Алға мақсат қойғанда:
1. Мақсатыңның пайдасын біл
2. Нені не үшін қалайтыныңды біл
3. Ақылың мен ерік-жігеріңді мақсатыңа жұмса. Ісіңді қадағала және басқар
4. Көп ізден
5. Ақыл мен жүректің шешімін айт
6. Сақ бол
7. Төзімділік таныт
8. Өзгеріске бейімдел
9. Сапаға мән бер
10. Ісіңнің нәтижесін талда
Осыны біл:
Әрбір сәтсіздік тәжірибенді арттырады
Жеткен жетістікті үнемі мақтан тұту оны жаман жолда пайдалану есептеледі.
Есіңде сақта:
Жетістік тек оза шауып бәйге алуда емес, адамдық қасиетті жоғалтпауда жатыр. Әуелі, адам деген атқа лайық бол, жетістігің адамдығыңмен өлшенсін
Сені жетістікке жетелейтін сенен басқа ешкім емес,
Өзіңе деген сенім сені барлық белестерден алып шығады. Өзгеге жалтықтаушы болма, кісілігің қалмайды
Ең үлкен жетістік – қоғамға пайдалы істі тындыру
Жетістіктің ең үлкен жауы – “кейін істермін” деп айту
Жетістікке апаратың жолдан қаймықпау және әрқашан үмітті болу
Қорытындыласақ, жетістікке жетудің жолы алдымен оны үйренуден басталады. Кітаптар мен үлкендердің тәжірибесі – бұл тұрғыда таптырмайтын қазына. Олардан үлгі алып, әдіс-тәсілдерін іс жүзінде пайдалана алған жан жетістікке жетпей қоймасы хақ. Олар әр көрген нәрселерін өмірлерінің қай жерінде һәм қалай қолданудың қамын жейді. Мұндай уайым оларды осы үйренгендерін қалай қолдануға итермелейді. Бұл жағдай кісіден болаттай ерік-жігерді талап етеді. Ақиқатында, кітаптан оқығанды көңілге тоқу керек.
Жетістік тұғырынан көрініп, табыстан табысқа жетіп жүрген кісіні жақсы танып, онымен бірге болған, бірге жұмыс істеген адам бақытты. Өйткені, жолбасшысы бар адам әрдайым жолын табады. Ең бастысы, жетістікке жетуді үйренуге болатынын біліп, алғашқы адымды аттай алу керек. Жетістікке жетудің бірінші қадамы – оны үйрену.
Достарыңызбен бөлісу: |