Сынып сағаты Тақырыбы: Наурыз мейрамы! «Қазақтың салт –дәстүрі»



бет1/4
Дата20.05.2023
өлшемі20,88 Kb.
#95539
  1   2   3   4

Күні: 13.03.2023ж
Сынып сағаты
Тақырыбы: Наурыз мейрамы! «Қазақтың салт –дәстүрі»
Сынып: 8 «А»
Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, “Наурыз” қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакат, слайдтар.


Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі:
Міне жаңа өмірдің, қайта басталатын күн есебінің басы, көктемнің көш басшысы ұлыстың ұлы күні наурызда келіп қалды.Наурыз – қазақ халқы үшін береке-бірліктің, ел-жұрт, ағайын-туыс арасындағы татулықтың, ерен еңбектің, жаңарған тіршіліктің ұлы символы.
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата бабам тойлаған,
Наурызым, армысың!-дей отырып сіздерді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен
құттықтаймын. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі
Бізге қазақ халқының Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі мәлім, ал өзге елдердікі ше? Олар да біз сияқты бұл мейрамға аса назар аударып, ерекше көңіл бөле ме екен? Қане, бір сәт зер салайық.
Түрік елі: Ежелгі түріктер Ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алады. Алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңге – «жамбы» атып жарысады. Егер кімде-кім жамбыны бірінші боп атып түсірсе, сол адамға «бір күн» патша болуға, ел билеуге ерік беріледі.
Иран елі: Иран патшасы Наурыз күні қол астындағы адамдардың біріне патша шапанын сыйға тартады екен. Тіліміздегі күні бүгінге дейін айтылатын. «Құлға бір күн азаттық» деген сөзде осы бір көне рәсімге қатысты болса керек.
Мұсылман дініне дейін Күнге табынған иран елдері Наурыз күні сөзінің бас әрпі «шинмен» басталатын жеті түрлі затты дастарханға қоятын: шарап, шир (сүт), шырын, шекер, шербет, шам, шона (тарақ). Ежелгі ирандықтардың түсінігі бойынша шарап – өрлеу, сүт – пәктік, тәттілер – шаттық, шекер – ризалық, шербет – демалыс пен қонақжайлылық, шат отқа табыну, тарақ – әйел сұлулығы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет