Мұз үстінен жүру ережесі:
Мұздың толық қатпағанын білсеңіз, сырғи жүріп, аяғыңызды жұмсақ жерге басқанда мұз қатпағанын білсеңіз тез қимыл жасаңыз. Шаңғымен жүргенде топ бірінің артынан бірі жүре отырып, аралары 5-6 метр болуы тиіс. Топ басшысы тәжірибелі болуы тиіс. Топ басшысының құтқару жейдесі, ұзын таяғы болуы тиіс.
Егер аяғыңыздың астында мұз жарылса:
Мұндай жағдайда шу көтермей, салқын қандылық танытыңыз. Арқаңыздағы жүгіңізді түсіріп, келген ізіңізбен қайтыңыз. Егер де суға түсіп кетсеңіз, онда артық жүгіңізден арылыңыз. Су бетінде тұру үшін, мұз бетіне шығуға әрекет жасаңыз. Алдымен мұз бетіне бір аяғыңызды, кейін екінші аяғыңызды шығарыңыз. Дем алып, мұз жарылған жерден алыс кетуге тырысыңыз, бар даусыңызбен көмекке шақырыңыз.
Егер сіз көмек көрсететін болсаңыз:
Мұз жарылған жерге ішіңізбен еңбектеп жетіңіз, болмаса тақта, не шаңғыға сүйеніңіз.
Зардап шегушіге жақындап, оған арқанның, трос, белбеу, шарфтың бір ұшын лақтыру немесе таяқ, шаңғы, баспаағаш т.б. ұштарын жылжыту керек. Зардап шегуші, сол заттардың біріне қолың жетісімен, жайлап еңбектеп өзіңе тарт.
«Қалай дұрыс құлау» керек:
Егер сіз тайсаңыз, отыра қалыңыз. Құлап бара жатып, өзіңді жинап, жерге тигенде домалау қажет.
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы: «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері»
Сынып: 5 «ә»
Сынып жетекшісі: Ізмағанбетова Ә.Ш.
2017-2018 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |