Сынып сағатының тақырыбы: «Қыз бала ұлттың ұяты, халықтың шырайы» Мақсаты



бет4/8
Дата18.04.2022
өлшемі26,26 Kb.
#31356
1   2   3   4   5   6   7   8
Қызға 40 үйден тыйым 1. Жарыса сөйлеуге 2. Жалғыз қыдыруға 3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге4. Орынсыз ұрынуға 5. Басқаларға қол тигізуге 6. Өтірік, өсекке 7. Суық жүріс, сумаң қылыққа 8. Кісіге қарай керіліп есінеуге9. Талтайып отыруға 10.Шалқайып жатуға 11.Тамақты обырлана асауға 12.Ұрлық қарлыққа13.Ұятты мүшелерін ашып жүруге 14.Бұраңдап қылмысуға15.Қызыл іңірде жатуға 16.Түске дейін ұйықтауға17.Кісі алдында киім ауыстыруға 18.Салт-дәстүрден аттауға19.Елді ғайбаттауға 20.Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға21.Ішімдік пен шегімдікке 22.Ұрыс-керіске23.Беттен алып, бет жыртысуға 24.Қараулыққа, ысырапқа25.Рахымсыздық пен қатыгездікке 26.Түнде суға жалғыз баруға27.Жат жыныстылармен арласып жатуға 28.Күйеуге қашып тиюге29.Әдепсіз сөзге 30.Тарс-тұрс етуге 31.Адам мен жануарларды тебуге32.Кісіні қорлап жәбірлеуге 33.Тәкәппарлық пен сыйқымазақ жасауға34.Айғай сүреңге 35.Шектен тыс сыланып жасануға36.Қызғаншақтық пен күншілдікке 37.Менмендік пен өзімшілдікке38.Алдап-арбауға 39.Көрсеқызарлыққа40.Нәпсі құмарлыққа тыйым
6.Бейнеүзінді

Артымызда өсіп келе жатқан сіңілілеріміздің өзі есепшіл, өркөкірек, сезімге сенбей «ақшаға» ғана сенетіндер саны көбею үстінде. Тәрбиені ата-анасынан емес, теледидар, компьютерден алып келе жатқан жастар буыны қалыптасу үстінде. Кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқтың қасы десек болады. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қала береді. Бала кезінен жылылық сезім, мейірімділік көрмеген адам баласы қатыгездікпен өседі. Жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден алатын жандар болып келеді. 

Қазір, жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсету үстінде. Қаладағы қазақ қыздарының көбісінің өзі бір-бірімен орысша сөйлеседі. Өзінің қазақ тілінде сөйлеуге талпынбайтыны өз алдына, кейбіреулері тіптен оны намыс көретіні бар. Күнделікті өмірдегі көріністерге бір сәт назар аударайықшы.

  

Сұрақтар мен тапсырмалар:


1.    «Қыздарға жат қылықтар» дегенді қалай түсінесің?
2.    Жаман әдеттерге нені жатқызар едіңіз, неліктен?
3.    Темекі тарту, арақ ішу қыздарға неге керек?
4.    Денені жалаңаштау туралы не ойлайсыңыз?
5.    Қыздар неліктен төбелеседі?
7. Мінезді анықтауға арналған 5 минуттық тест

Өз мінезіңізді жаңа қырынан білгіңіз келеді ме? Мына кішігірім тесттен өтіп көріңіз. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет