Сынып сағатының тақырыбы: «Тәрбие басы -тал бесік» 7 «Б» сынып жетекшісі : Ерғалиева Ж. С



Дата15.10.2023
өлшемі161,36 Kb.
#115376
түріСабақ
Байланысты:
Тәрбие-тал бесік сынып сағаты 7 Ә сынып


«Қаратөбе жалпы білім беретін мектеп» КММ


Сынып сағатының тақырыбы:
«Тәрбие басы -тал бесік»
7 «Б» сынып жетекшісі : Ерғалиева Ж.С


2023 оқу жылы

Сабақтың мақсаты: Халықтың ғасырлар бойы іріктеп, жинақтап келе жатқан салт-дәстүрін, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын оқушылардың бойына дарыту, соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі:
Тақтаға ұлағатты сөздер жазған парақшалар ілінеді: «Ел болам десең, бесігіңді түзе», «От-басы,ошақ –қасы», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады», «Тәрбиелі адам- тағалы атпен тең»«Тәрбие-от басынан басталады» суреттер, тірек сызбалар, т.б
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

Сыныптың тазалығына, сырт киімдеріне қарау. Күнделіктерін тексеру, журнал толтыру,
Тақырыпты түсіндіру
Тектілігі тереңге тамырланған қазақ халқы бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына көңіл бөлген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне назар аударған. Ананың құрсағына бала пайда бола бастағаннан бастап,ата-ана құрсақтағы баламен тілдесіп жылы сөздер айтадығ Міне, балаға деген сүйіспеншіліктің, тәрбие берідің барлығы осы кезден басталады. Кішкентайынан бала бойына адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде.
Халықтық педагогиканың маңызы зор. Үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы баланы жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулуды да кішкентай кезінен бастаған дұрыс.
Отбасы,Бала, Мектеп. Бір - бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар. Мектеп пен ата - ананың міндеті әр балаға бақыт, қуаныш сыйлау.
Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасында алады. Отбасы - әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым - қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді.
Бала – кішкентай күйсандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.
Отбасының балаға берері де, үйретері де өте көп. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», дегендей бала кішкене кезінен бастап, өз ата - анасына еліктегіш, олар не істесе соны істеп, солардан үйренгісі, соларға ұқсағысы келіп тұрады. Ата - ананың басты міндеттерінің бірі баланы, әсіресе сәби кезінен ұқыптылыққа, жинақтылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Есі кіріп, тілі шыға бастасымен - ақ баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.
Назар
Бірде мәдиналық бір кісі бақшасында өсіп тұрған құрмасына тас лақтырған баланы сүйреп отырып Пайғамбарымызға әкеледі. Бала жас та болса Ислам дінін қабылдаған Рафиғ ибн Амр еді. Келген кісі қатты кейіген сыңайда. Қабағы қатулы. Пайғамбарымыз болса сол сабырлы күйін сақтады. «Балапаным, құрма ағашына неге тас лақтырдың?», -деп сұрады. Бала: «Қарным қатты ашты. Құрма жегім келді», -дегеннен артық сөз айтпады. Мұхаммед(с.а.у.) балаға: «Жерге түскенін жесең же, бірақ ендігәрі құрмаларға тас лақтырма, жарай ма?», -деді. Сосын баланың басынан сипап, оған былай деп дұға жасады: «Уа, Алла Тағалам! Бұл баланың қарнын тойдыра гөр!».
Ал, оқушылар, енді осы оқиғаға талдау жасап көрейікші! Бұдан қандай тәлім-тәрбие негіздерін ұғуға болады? Не себептен Пайғамбарымыз кінәлі балаға ұрыспады?
1 – пікір.
Бұл жерде Пайғамбарымыздың ұрыспауының себебі – балаға ұрысқаннан гөрі оған жақсы көретініңді білдірулің маңыздылығында.
Тәрбие берудің негізі – мейірім мен сүйіспеншілікте. Әсіресе, кішкене балалар үшін мейірім мен сүйіспеншіліктің орны ерекше. Олар тек сүйіспеншілік, махаббатпен ғана өсіп-жетіледі деп айтсақ артық болмас.
Ендеше, сүйіспеншілік – бала тәрбиесіндегі негізгі қағида.
2-пікіір.
Ең алдымен, баланың пікіріне құлақ асу керек. Сөйлеген бала өзінің ішкі дүниесін ашып береді. Ол қандай қателік жасаса да, әуелі тыңдау керек. Мүмкін, ол балалықпен жасаған шығар. Оның ішкі жан дүниесімен сырласпай жатып, оған ұрысып, жазалау дұрыс емес.
3-пікір.
Баланы шектен тыс көп тыя бермеу керек. Ол балаға барлық жағынан үлкен зиянын тигізеді. Кейін баланың ынжық болып өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
4-пікір. Ата-ана қашан да баласының тілеуін тілеу керек. Оған әрқашанда сүйеу болып, өз көмегін тигізу қажет.
Міне, тәрбиеге байланысты бірнеше пікірлер қарастырдық. Рахмет, балалар!
Сабақты бекіту.
Енді мына ұлағатты сөздерге назар аударыңыздар. Кейбірінің авторын тауып, кейбірін жалғастырасыздар.
«Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер, білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады.» (Абай)
«Тәрбиесіз берілген білім - ......... » (адамзаттың қас жауы)
«Ашу – дұшпан, ақыл - ... ...» (дос, ақылыңа ақыл қос)
«Қызды ... тый» (қырық үйден)
Қорытындылау
Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Сондықтан ата - бабаларымыз өз ұрпағын «адам, азамат» деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Халық даналығында «Баланы әуелі мейір - шапағатқа, онан соң ақыл парасатқа, ақырында еңбек пен ғылымға баулы» - дейді.
Үйге тапсырма:
«Тәрбие басы – тал бесік» Эссе жазып келу

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет