Сыныпқа мінездеме



Дата12.05.2023
өлшемі13,9 Kb.
#92368
түріСабақ

№ 33 жалпы орта білім беретін мектеп.

Сыныпқа мінездеме
3 «а» сыныбында 19 оқушы бар. Оның 13-і ұл бала, 6-ы қыз бала.Олардың 6-ы оқу озаты, 2-і екпінді, 8-і орташа оқиды. Сынып жетекшісі Оразова Аида Сайлауқызы. Сынып оқушылары арасында сынып әкімі, оқу секторы, тазалықшы, спорт секторы, гүлзар сияқты міндеттерді атқаратын оқушылар бар. Оқушылар бір-бірін сыйлайды, тыңдайды. Әрдайым бір-біріне көмек беруге дайын және достық қарым-қатынаста. Сабаққа белсене қатысады, үйге берілген тапсырмаларды мүмкіндіктеріне қарай орындап келеді. Әр түрлі әдістермен берілген тапсырмаларды тез түсініп, дұрыс орындайды. Сынып топпен, жұппен жұмыстануға үйренген. Сыныптан тыс шараларға өте жақсы белсенділікпен қатысады. Сынып жетекшісі үлгерімі төмен оқушылармен сабақ соңында уақыт бөліп жұмыстанады. Себепсіз сабақ қалдырмайды.
Балаларының сабақтарына ата-аналар жиі қатысып тұрады. Тоқсан соңында ата – аналар жиналысы болып, балалардың сабақ үлгерімі, тәртіптері талқыланады.Сынып жетекшісі де ата-аналарымен тығыз байланыста отырады.
Оқушылар қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Өлең айтудан Үмбетова Назерке,Төлегенова Мадина және би билеуден Әмірхан Әбдірахманов, Жалғасов Сағи аудандық бүлдіршіндер сайысына қатысты.
Машық кезінде 3 «а» сынып оқушыларымен тығыз қарым-қатынаста болып, әр оқушының мінезін танып білдім. Осы оқушылармен жұмыстана отырып, олардың бір-бірімен тату екендігіне, көмек қолын созуға дайын отыратындарын, сабаққа аса қызығушылық танытатындарын, ұйымшыл, бауырмал екендерін байқадым.
Бұл сыныптың оқушыларының осындай қасиеттеріне сүйсіне отырып, болашақта білімді де білікті азамат пен азаматша болатыныма сенімдімін.

№ 108 жалпы орта білім беретін мектеп.



Сыныпқа мінездеме
3 «б» сыныбында 23 оқушы бар. Оның 11-і ұл бала, 12-ы қыз бала.Олардың 5-ы оқу озаты, 9-і екпінді, 9-і орташа оқиды. Сынып жетекшісі Егингалиева Айнұр Орманова. Сынып оқушылары арасында сынып әкімі, оқу секторы, тазалықшы, спорт секторы, гүлзар сияқты міндеттерді атқаратын оқушылар бар. Оқушылар бір-бірін сыйлайды, тыңдайды. Әрдайым бір-біріне көмек беруге дайын және достық қарым-қатынаста.Сынып өте ұйымшыл. Шығармашылық жұмыстарға өте белсенді. Сабаққа белсене қатысады, үйге берілген тапсырмаларды мүмкіндіктеріне қарай орындап келеді. Әр түрлі әдістермен берілген тапсырмаларды тез түсініп, дұрыс орындайды. Сынып топпен, жұппен жұмыстануға үйренген. Сыныптан тыс шараларға өте жақсы белсенділікпен қатысады. Сынып жетекшісі үлгерімі төмен оқушылармен сабақ соңында уақыт бөліп жұмыстанады. Себепсіз сабақ қалдырмайды.
Балаларының сабақтарына ата-аналар жиі қатысып тұрады. Тоқсан соңында ата – аналар жиналысы болып, балалардың сабақ үлгерімі, тәртіптері талқыланады.Сынып жетекшісі де ата-аналарымен тығыз байланыста отырады.
Оқушылар қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Домбыра үйірмесінен Айсағали Милана,Мұрат Іңкәр және би билеуден Сайпбекова Даяна, Өтеш Жанар аудандық бүлдіршіндер сайысына қатысты.
Машық кезінде 3 «б» сынып оқушыларымен тығыз қарым-қатынаста болып, әр оқушының мінезін танып білдім. Осы оқушылармен жұмыстана отырып, олардың бір-бірімен тату екендігіне, көмек қолын созуға дайын отыратындарын, сабаққа аса қызығушылық танытатындарын, ұйымшыл, бауырмал екендерін байқадым.
Бұл сыныптың оқушыларының осындай қасиеттеріне сүйсіне отырып, болашақта білімді де білікті азамат пен азаматша болатыныма сенімдімін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет