Сыныптан алынған сауалнама нәтижесі
Жалпы 10 «А» сыныбынан 2 түрлі сауалнама алынды. Бірінші сауалнама социометрия әдісімен жүргізілді. Ол арқылы сыныпта кімнің көшбасшы болуға лайық екендігін, кімнің оқшау қалғандығын анықтауға болады.
Социометрия белгілі бір топтар мен әлеуметтік құрылымдардың өзінде сандық өлшеу әдістерін қолдануға үлес қосады және топ деңгейінде де, оның мүшелерінің әрқайсысының да қабілеттерін, өзара әрекеттесуін және психикалық әл-ауқатын түсінуге көмектеседі.
Мақсаты: Сынып оқушыларының арасында лидер және шеттеп қалған оқушыны, шағын топтарды анықтау.
Алынған сауалнама: Социометрия әдісі. (Қарым-қатынас социограммасы).
Сауалнамаға қатысқан сынып: 10а
Жалпы оқушылар саны: 30
Қатысқан оқушы саны:21
Сауалнама нәтижесі:
I – Лидер: Амирсеитова Гүлиза
II – Беделділер: Алдаберген Дастан, Бахытжан Темірлан, Жунисов Алихан, Русланқызы Мереке, Қамашева Айжан, Мейірбекқызы Сабина , Темерханова Анеля, Сырлыбек Шұғыла
III - Орта беделділер: Маханова Жандина, Смайлов Ерсұлтан,Дүйсенбек Сұлтан, Құтжанов Олжахан
IV - Топтан қалмаушылар: Құрманбек Несібелі
V - Шеттеп қалғандар: Жоқ
V I- Шағын топтар: жоқ
Екінші сауалнама темпераментті анықтау. Ол сауалнама жалпы 21 оқушыдан алынды. Олардың ішінде холерик-5 , сангвиник – 9, флегматик-3, меланхолик-4.
1. Холерик - сезімтал, тынымсыз, агрессивті, шамданғыш, көңіл-күйі өзгергіш, басқамен қарым-қатынаста және сезім қатынасында тұрақсыз, әр түрлі жағдайларда соқпа мінезді, оптимист (болашаққа сеніммен карайды), белсенді, пысык, байқам, сенгіш, ашуланшақ т.с.с.
2. Сангвиник — ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, қысылып-қымтырылмайды, өмір сүйгіш, уайымсыз, беймаза емес, көтеріңкі көңілді, басшылыққа бейім, т.с.с.
3. Флеглштик — сак, енжар, байыпты, өзгеге жақсылық тілегіш, ынтымақшыл, өз ісін ойлап істейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты т.с.с.
4. Меланхолик — беймаза, ренжігіш, ойлампаз, қырағы, пессимист (өмірден түңілгіш), түйық, ұстамды, көп сөзі жоқ, ригидтік (керітартпа) қасиеті бар, т.с.с.
Жеке оқушыдан алынатын сауалнама
Оқушының аты-жөні:
Сыныбы:
2. Мектепке қандай мақсатпен келесің?
|
3. Осы пәнге деген қызығушылығың қандай?
|
4. Осы пән саған ұнай ма? Неліктен …..
|
5. Осы пәннің қалай өткізілгенін қалайсың?
|
6. Сабақтың қалай ұйымдастырылғанын қалайсың?
|
7. Сабаққа белсенді қатысасың ба?
|
8. Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?
|
9. Сабақ барысында не маңызды деп ойлайсың?
|
10. Топтық жұмыста кіммен болған саған ұнады?
|
Сабаққа қандай көңіл- күймен келесің?
Достарыңызбен бөлісу: |