Дамытушылық: Отбасы қоры туралы түсінігін кеңейту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік: Туған - туысқандарды өзара сүйіспеншілікке тәрбиелеу, адамның қалыптасуындағы отбасындағы тәрбиенің маңызын ұғындыру, Ата - ананы сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, еңбекке баулу.
Сабақтың көрнекілігі мен жабдықтар: слайдтар, мақалдар
Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру
Сабақтың жоспары
1.Психологиялық дайындық. Шаттық шеңберін құру.
2.Оқушыларды топқа бөлу.
3.Видеоролик. Түсініктерін айқындау.
4.Жағдаяттық сұрақ. Топтық жұмыстар.
5.Отбасы мүшелеріне қоңырау шалу.
6. Ребустарды шешу.
7.Рефлексия.
Сабақтың барысы. Кіріспе сөз Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар . Бүгінгі біздің 8В сыныптың ұйымдастыруымен өткізгелі отырған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Отбасы – ортақ тіл» деп аталады. Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасы дегеніміз – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын мемлекет.
Отбасының басшысы болады.Отбасының белгілі тұратын мекен - жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған - туыстар мен қарым - қатынаста болады. Отбасы мүшелерінің арасында татулық, бірлік, сыйластық, адалдық, келісім, сүйіспеншілік сияқты жақсы қатынастар болуы керек. Сонда ғана отбасы жарастығы болады.
І.Шаттық шеңберін құру
Оқушылар шаңырақтың ленталарын ұстап тұрып, шаттық шеңберін жасай отырып, отбасы туралы кілт сөздерді айтады.
Татулық, сыйластық, ауызбіршілік, ынтымақ, бақыт.
ІІ. Оқушыларды топтарға бөлу
«Баскиім әдісі» бойынша оқушыларды 3 топтарға бөлу
"Шаңырақ". "Қуаныш"."Береке".
3.топқа бөлу.
ІІІ. Видеоролик. Түсініктерін айқындау.
Оқушыларға отбасы туралы видеоролик көрсету.
Видеороликтен не түсінгендерін айтады.
Сабақтың осы бөлігін мұғалім қорытындылап, суретте отбасы, туралы айтады.
IV. Жағдаяттық сұрақ. Топтық жұмыстар.
Мұғалім оқушыларға қораптың ішінен конверт таңдатады. Конверттің ішін ашып жағдаяттық сұраққа жауап береді.