Сыныптан тыс жұмыс



бет3/3
Дата09.10.2024
өлшемі24,87 Kb.
#147479
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Тәрбие сағаты

1 топқа жағдаяттық сұрақ
Бала қатаң отбасында тәрбиеленді. Оған ата-анасы ешқашан ойыншық сатып алып бермеді, еркелетпеді, ойын-сауық орталықтарына, киноға да апармады. Ата-анасының айтқанымен жүріп, тек бұйрықты жүзеге асырушы, орындаушы болып өсті. Бала ата-анасының барлық айтқандарын екі етпей, бұлжытпай орындаса да, бірақ олардан бір ауыз жылы сөз естімеді. Бұл жағдай туралы пікіріңіз қандай?
2 топқа жағдаяттық сұрақ
Баласының бөлмесін жинап жүрген анасы қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады. Баласы мектептен келген соң, бұл жағдайды көріп анасына қатты ренжіді. Анасының ойынша, баласының мұндай реніш білдіруге қақысы жоқ. Себебі, осы үйді реттейтін, қалыпқа келтіретін жалғыз адам өзі болғандықтан, қалай жинайды, солай болуы керек.
Анасының іс-әрекеті дұрыс деп ойлайсыз ба?

3 топқа жағдаяттық сұрақ
Бір үйдің екі баласы көбейту кестесін жаттап жарысты. Інісінің шапшаңдығынан әпкесі кешігіп қалып қоя берді. Әпкесі баяу әрі көп ойланатын. Інісі әпкесінің қатесін түзеп, күлді. Ал, әпкесі үнсіз бөлмеден шығып кетті. Балалардың ата-анасы ретінде мұндай жағдай орын алса, не істер едіңіз?

V. Отбасына деген қарым қатынасын нығайту мақсатында әр топтан 1 немесе 2 оқушыдан шығып, отбасы мүшелерінің біреуіне қоңырау шалып, жақсы көретінін айтады.
VI. Ребустарды шешу. (Отбасы жайлы мақал – мәтелдер) 
1. Ата көрген оқ жанар,
Шеше көрген тон пішер. 
2.Әке асқар тау,
Шеше ағып жатқан бұлақ,
Бала жағадағы құрақ
3. Балалы үй базар
Баласыз үй мазар
VII Рефлексия
Телефон әдісі арқылы кері байланыс.
Қорытындылау
Отбасы – адамның шыр етіп дүниеге келгеннен бастап тәрбие нәрін алатын орны. Әрқайсысыларың отбасы дәстүрлерін, құндылықтарын сақтай білсеңдер, қоғамның жақсы мүшесі бола аласыңдар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет