Сыныптан тыс практика бойынша есебі



Дата09.10.2022
өлшемі15,57 Kb.
#41970
Байланысты:
Документ (1)


Ж.досмұхамедов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік жоғарғы педагогикалық колледжінің, Бастауыш білім беру 1 курс студенті Ерболатова Айнагүл Ерболқызы
Сыныптан тыс практика бойынша есебі
Мен Ерболатова Айнагүл Ерболқызы ,21.02-11.03.2022жж.№ 45 орта мектепте практикамды өткіздім. .1 «Б» сыныппен тиянақты түрде жұмыс істеуге тырыстым. Өз қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым.
Іс-тәжірибе кезінде 1-шы сыныптың сабақтарына қатысып, тәрбие сағаттарын жүргіздім.үш апта бойы оқушылармен бірге сабақтарға қатысу барысында олармен жақынырақ таныса түстім. Олармен үзіліс кезінде әңгімелесіп, жақын таныса түсуге тырыстым және олармен өзім де үйренісе бастадым. 1-шы сыныпта 3-аптада 3 реттен ашық сабақ өткіздім.Атап айтқанда жоспар бойынша " Әліппе атасы " " Ең асыл жан" "1 наурыз алғыс айту күні" тақырыптары бойынша сын сағаттың өткіздім. Сонымен қатар мұғалімдердің сабақ үйрету әдіс-тәсілдерін, оқушылармен қалай тіл табыса жұмыс жасай білу керектігін қадағалап қана қоймай оқушыларды да бақылау үстінде болдым. Сабақ беру барысында, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып, уақытымды үнемді пайдаланып, қойылған мақсатыма жете білдім. Әр сабағыма аса жауапкершілікпен қарап, жан-жақты дайындалып, трениктер,тапсырмаларды оқушылардың деңгейлеріне қарай дайындадым. Оқушының даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым. Оқушылардың күнделіктерін, дәптерлерін тексеріп, кемшіліктерін айтып, олардың дұрысталуына ат салыстым.Сабақтан кейін оқушыға қосымша сабақ өткіздім ,сабақтын мақсаты оқушыма әріп тануға буын дап бөліп оқуға , көмектестік оқушынын аты-жөні Ғарифолла Әсел
Шынар Мергенгалиевна мектептегі 1"б" сыныбынын жетекшім ретінде маған көп көмегі тиді. Жетекшімнің сабақтарын қызығушылықпен тыңдадым. Сабақ жүргізу барысында сөйлеген сөздеріне көңіл аудардым. Ұстаз – өз ойын тиянақты жеткізу керек деп ұғындым.
Сабақ беру барысында қызыты әрі олардын оқуға ыңтасын артыруға тырыстым және мамандығым бойынша жұмыс атқаруға асықтым, осы уақыт аралығында болашақ мұғалім ретінде біршама тәжірибе жинақтадым
Орындаған Ерболатова Айнагүл Ерболқызы
Тексерген_____________________________________________________
11.03.22

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет