54. Мезгіл сабақтас.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердін алдыңғысы соңғысында көрсетілген іс-әрекеттің, кимыл, оқиғаның мегілін, кай уакытта орындалатьшын білдірсе, ондай сөйлемдер мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп танылады. Бағыныңқы комонентi басыңқы компоненттегi iс-әрекеттiң мезгiлiн бiлдiретiн сабақтасты мезгiл бағыныңқылы сабақтас деймiз.
1. Есімшенiн - ған түрi жатыс септік формасында тұрып мезгіл багынынкының баяндауы шын жасауға қатысады : Осы токал келіншек боп түскенде , Нұрым бұзау байлап , қозы бағумен жүретін бала еді ( Майлин ). Дәрмен, Мағаш, Кәкітай үшеуі бір біріне үнсіз қарасқанда, бәрінің көзінде де бұл сәтте үлкен ырзалық бар еді. Базаралы әңгімесін бітіргенде, ол бір қызық ойын қысқа түйді.
2.Есімшенің - ар / -ер формантты түрі де жатыс формасында келiп мезгіл бағыныңқылы сабактастар жасайды : Бұлар ауылдан аттанарда , екі жiгiт соларға карай шаба жөнелген еді ( Әуезов ) . Жеккен нар аттың тарантасына Айбарша мінерде , ауыл адамдары жапырласа колдасып амандасты (Мұқанов) .
3.Атау формасында тұрған есімшелер кезде , шакта , соң , сайын, сәтте т.б. демеулерді ертіп тұруы арқылы мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер жасайды : Ақтөбе майданында ақтар Арал теңізі станциясына жуықтаған кезде , Ферғана алқабындағы басмашылар желiгiн , кимылды күрт күшейтті (Нұртазин ) . Азырақ бойы жылынып , амандасып отырған соң - ақ , Жұман келген жұмысын айтты ( Аймауытов ) . Күздің қысқарған күні кешкіре бастаған шақта, алыстағы Шыңғыстың ұзақ ирек жоталарына қалың қара бұлт қона берді.
4.Барыс жалғаулы есімшеге шейін, дейін шылауның тіркеуі арқылы: Мәшине кара жолға түсіп , көзден таса болғанға шейін , бұлар көз алмастан қарап тұрды. Олар бөктер айналып жеткенге дейін, мына төтесімен сіздер де барып қаласыздар. Жүргіншілер әбден көзден таса болғанға шейін, бұлар арттарынан қарап тұрды.
5. Өткен шақтық есімшеге ша, ше жұрнағы қосылу арқылы: Базарбай атының басын бұрғанша, жас балалар анталап қарсы барып та қалды. Сіз тоя тамақтанып алғанша, біз Гофман жолдас екеуміз біраз сөйлесіп алайық.
6. Шығыс жалғаулы есімшеге кейін, соң, бері шылаулары тіркесу арқылы: Рахмет қоштасып кеткеннен кейін, Наталияның ұйқысы ашылып кетті. Ол жұмысқа шыққаннан бері, қалтасынан дәрі дәрмек арылмайтын. Ыбырай сөйлем болғаннан соң, Досмағұл мектепке алынған балалардың әкелерін мектепке алып кірді.
7. Шартты рай формалы етістіктен болады. Ербол есік алдына шықса, үлкен ауыл жақтан екі үш атты кісі жатыр екен. Біз барлаудан қайтып келсек, капитан Мирошник өз палатасында жоқ екен.
8. Көсемше етістіктен болады. Дәулет армияға аттанғалы, Марфуға Кентоғайға келмеген еді. Жалғыз баласы Иса өлгелі, Қодар әбден тұнжырап кеткен еді.
Достарыңызбен бөлісу: |