Мен бе? – деп, жігіт ойланып қалды. 2. Демеу мәнді сұраулы сөйлем. Демеу мәнді сұраулы сөйлемдер диалогта қолданылады. Олар сөйлесуші жақтың көзқарасын анықтау тұрғысынан жұмсалып, айтушының оны іске қосудағы басым не үстеме бір талап тілегін білдіреді. Жеңеше, сабыр етіңіз, Әбіштей баласы бар шеше жылай ма екен? – деді. Мұндай сөйлемдерде ІІ жақты жауап беруге ғана емес, жанама түрде іс істеуге көндіру тұрғысынан да жұмсалады.
3. Риторикалық мәнді сұраулы сөйлемдер. Ой мазмұнын эмоциялық, экспрессивтік мағынада білдірудің әдеби тілге тән негізгі бір синтаксистік-стильдік амалы. Риторикалық сұраулы сөйлемдер белгілі бір сөйлеу мазмұнына тыңдаушыны сендіру үшін не оның назарын аудару үшін айтылады: алдыңғы жағдайда хабар-лепті сөйлем ретінде жұмсалып, байымдауды білдіреді. Соңғы жағдайда оның жұмсалып, байымдауды білдіреді. Соңғы жағдайда оның мәні сұраулы сөйлем ретінде жұмсалып жеке бір іс-әрекет, болмыс туралы сұрақты білдіреді.
1) Жүректе қайрат болмаса, ұйықтаған ойды кім түртпек? 2) Мен сіздерден не талап етемін? Алдымен, . . . Бұйрықты сөйлемдер
Бұйрықты сөйлемдер сөйлесуші адамдарға қандайда болмасын істі істеуі не істеткізуі өнінде айрықша ықпал жасау үшін айтылады. Бұйрықты сөйлемдер диалогта қолданылады, публицистикалық стильмен байланысты кейде монологта да қолданылады.
Бұйрықты сөйлемдер басым интонациямен айтылады. Мұнда да ерекшелік бар: сөйлем не бәсең ырғақ арқылы не көтеріңкі ырғақ арқылы тиянақталып жұмсалады. Бұйрықты сөйлемдер белгілі бір грамматикалық тәсіл-жүйеде қалыптасады:
а) етістіктің бұйрық райы арқылы жасалады. Әсіресе ІІ жақта бұйрық етістікті сөйлемдердің мазмұны нақтылы да басым мағынада беріліп тұрады.
- Тараңдар! Тастаңдар жалғыз ұлықты! – деді ( Әуезов). Сөйлем мазмұны тілек, алыну, ескерту, қауіп, сес білдіру мағыналарында берілгенде, бұйрық етістік баяндауыштар кейде -шы/-ші қосымшалы болып келеді.
Иә, қоя тұрсаңшы, Зайкүл, - деді оған Майра, - Ағайдың әңгімесін айтсаңызшы (Нұршайықов). ә) етістіктің шартты, қалау, ашық рай тұлғалары арқылы қалыптасады.
1) Шартты райға + сен-ші немесе -йшы/-йші тұлғасы жалғанады. Шешінсейші, шай қояйын, - деді Хадиша (Шашкин). 2) -айық, -ейік, -йық/-иік+шы/ші
Күләнда, мына үйдің ішін жинастырайықшы, - деп, түрегелді (Т.Ахтанов).
б) Баяндауыштың алдыңғы компоненті етістік + керек, қажет, шарт, тиіс, жөн, мақұл, дұрыс т. б. сөздер. Мұндай құрылымды баяндауышты сөйлемдер жақсыз сөйлем болып, грамматикалық субъект І жақта қатысты болып, берілу мазмұнына қарай хабарлы сөйлем болады. (Менің баруым керек. Маған бару керек). Ал грамматикалық субъект басқаша жақтық құрылымда болса, іс-әрекеттің бұйрықтық мағынада берілуі басымдау болып келеді.
в) Бұйрықты сөйлем қызметтерінде әй (ей), жә, сап-сап, сабыр, тек, тәйт, тсс, мә деген одағайлар да жұмсалады.
- Тсс, Давыдов келе жатыр!
Бұйрықты сөйлемдер мазмұны жағынан да, оның берілу сипаты жағынан да біркелкі емес. Олар нақты бұйрық пен бірге сөйлеу ситуациясына қарай кейде кеңес білдіру (әсемпаз болма....) ұсынас жасау (Бүгін киноға барайық), ескерту жасау (Осыған ұқыпты бол, келін), тілек, өтініш, жалыну мәнді (Жастар да аман болсын, сіз де аман болыңыз. Тығыз шара қабылдауыңызды өтінемін) болып та жұмсала береді. Бұйрық сөйлемнің осындай мағыналарын нақтылы тұлға-құрамына қарап ажырату мүмкін бола бермейді. Оларды белгілі бір сөйлеу жағдайында қолданушыға қарай, соған сәйкес, өзіндік құрылымы мен басқа да айтушы сөздеріне қарай анықтауға болады.
Лепті сөйлемдер
Сөйлемдер дүниедегі болмыс туралы пікірді хабарлап қана қоймайды, ол сөйлеушінің болмысқа қатысты эмоциясын да білдіреді. Сөйлеушінің эмоциясын қоса білдіріп, арнайы лептік интонациямен айтылатын сөйлемді лепті сөйлем дейміз.
Лепті сөйлемді сөйлемнің қай тобына жатқызу жөнінде ғалымдар арасында пікірталастар болды. Ғалымдардың бір тобы мұны сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінген тобына қосса, екінші бір тобы оны басқа топқа жатқызады. Соңғы пікір бойынша, сөйлемдерді лепті, лепсіз, яғни эмоциялы, эмоциясыз деп бөлу өз алдына бір принципке сүйенеді. Бұл топтау сөйлемдердің мазмұнына эмоцияның қатысуына, қатыспауына және эмоцияны білдіретін формаларының көріну, көрінбеуіне негізделеді.
Сөйлеуде сезімді білдірудің негізгі құралы дауыс ырғағы болғандықтан, сезім мақсатына сай хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдерге де лептік интонация қосылып, лепті етіп айтыла береді.
Лепті сөйлем жасауда интонациямен қатар одағайлардың да қызметі мол. Одағайлардың өзі – басқа сөз топтарымен салыстырғанда әуезділік, ырғақ, сезімдік құбылмалылық пен көтеріңкі интонацияға бай сөздер. Олар лепті сөйлем құрамына енгенде, олардың эмоциялық мағыналары сөйлем мағынасымен ұштасады.
Қорқу, сескену, аяу, өкіну, таңырқау сияқты кісінің көңіл-күйін білдіретін сөйлемдердің баяндауышының құрамында -ау, -ай демеуліктері айтылады. Апырай, желісінің қаттысын-ай! (Ғ.Мүсірепов). баяндауыштары етістіктің шартты рай тұлғасында айтылып, бірдеңені көксеу, арман ету мағынасында лепті сөйлемдер жасалады. Шіркін, тезірек ауылға барсам! Өткен шақ есімшеге екен көмекші етістігі қосылып, өкініш мәнді лепті сөйлемдер жасалады. Балаңды кеше жібермеген екенсің де!
Масаттану, мақтан ету мағынасындағы лепті сөйлемге қандай, ғажап, неткен, болғанда қандай деген сөздер қатысу арқылы жасалады. Айналаға қарасам, елім қандай тамаша! Тұлғасы сұраулы сөйлемдер де кейде экспрессивті мағынада лепті болып жұмсалады. Шіркін, Көкшетау! Дүниеде сендей жер бар ма екен! (С.Мұқанов). Лепті сөйлемнің төмендегідей түрлері бар: Құрамы ағынан бейімделген лепті сөйлемдер; баяндауыш мүшенің формасы арқылы қалыптасқан лепті сөйлемдер; үстемелеу амалы арқылы жасалған лепті сөйлемдер; реплика ретіндегі лепті сөйлемдер; ренішті, сесті білдіретін лепті сөйлемдер.
Лепті сөйлемдер эмоциялық бояуы мол сөйлем болғандықтан, пгоэзия мен публицистикада, ауыз екі сөйлеу стилінде кең қолданылады. Ал іс қағаздары мен ғылыми стильде лепті сөйлемдер кездеспейді.