Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис



бет44/60
Дата27.09.2023
өлшемі438,86 Kb.
#110770
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60
Байланысты:
Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тірк

46.Талғаулықты салалас.
Сөйлемге талғаулық мағына беретін және жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыратын жалғаулықтар -- не, немесе, я, яки, болмаса, я болмаса, әйтпесе, әлде, мейлі, құй деген талғаулықты жалғаулықтар. Бір топқа жатқызылып, бір ғана атаумен атала тұрса да, бұлардың ішінде өзіндік мағыналық және қолданылу ерекшелігі бар жалғаулықтар жоқ емес. Оны мына
мысалдардан байқауға болады: Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, немесе құла-
ғымен естіген айтар. (Ә. Әбішев.) Мейлің өзің бар, майлің баланы жібер, әйтеуір олармен қалай да хабарласу керек. Өзі кетіп құтылды, әйтпесе өзіміз-ақ тастатқалы жүр едік. (Б. Майлин.)
Қүндіз олар не өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді. (F. Мұстафин.)
Мысалдың бірінші сөйлем компоненттерде айтылған әрекеттердің қайсысының болатындығын кесіп айтпай, болжау, әйтеуір, бірі болар деген мағынада баяндайды. Мұндай мағына не қар жауады, не жаңбыр жауады дегендер тәріздес сөйлемдерде айқынырақ байқалады. Мысалдың екінші сөйлемі сөйлеуші үшін компоненттердегі әрекеттің қайсысы болса да бәрібір екендігін сөйлеушінің ол әрекеттер турасында өзін бейтарап ұстайтындығын білдіреді. Мысалдың үшінші сөйлеміндегі компоненттердің бір-бірімен қатынасы алдыңғы екеуінен де өзгеше. Бұл тәріздес сөйлемдер субъектіні компоненттердегі әрекеттердің бірін істеуге міндеттейді, соны істеуді екінші бір әрекетке шарт ретінде алады. Не ол, не бұл екінің бірі. Мысалы: Сен қазір жүмысқа кіріс, әйтпесе мен сені бұл маңайдан қуамын. (Ә. Әбішев.)Сен оны өлтір, болмаса өзің өлесің. (А. Бек.) Ал енді, бұл әншейін келешегіне қарай қойылған ат, әйтпесе нобайы түзу бір механизм жоқ (F.Мұстафин) деген сөйлемдегі компоненттер арасында жоғарыда айтылғандай талғаулық мән де жоқ. Мұндағы компоненттердің бір-бірімен мағыналық қатынасы талғаулықтан гөрі қарсылықтыға жақын. Талданған мысалдардағы компоненттердің мағыналық қатынастарына қарағанда, жоғарыда аталған жалғаулытқар арқылы жасалатын салалас сөйлемдердің бәрін талғаулы деген бір ғана атаумен атаудың өте шартты екендігі байқалады.
Талғау мәндес жалғаулықтардың я, не, мейлі, құй, әлде деген түрлері жай сөйлем сайын қайталап та айтыла береді. Ондай қайталауларда бірінші жай сөйлемде бұлардың бірі келгенде, екінші жай сөйлемде талғау жалғаулығының басқа біреулері келуі де мүмкін. Мысалы: я мен барайын, я сен бар деуге де, я мен барайын, болмаса сен бар деуге де болады.Талғау мәнді жалғаулықтар жай сөйлемдерді құрмаластырудан гөрі бірыңғай мүшелер арасында көбірек қолданылады, сондықтан да талғаулықты салалас сөйлем жазу тілімізде өте сирек ұшырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет