1: Ауа-райын бақылау



бет1/12
Дата25.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#127435
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Аманғос Шолпан ауа райы


1: Ауа-райын бақылау.
Бақылау
Жансыз табиғатта балаларға қыс жөніндегі өзгеріс туралы түсінігін қалыптастыру.
Желтоқсанда ең қысқа күн, күннің көзі сирек қонақ, ауа-райы бұлыңғыр, жиі қар жауады, бірақ ол ерімейді. Бірақ қар терең емес, одан түскен жапырақтар және құрғақ өсімдіктер көрінеді. Ауаның температурасы нөлден төмен.
Қаңтарда күн көбейеді,айқын жарқырайды, бірақ күннің көзі жылытпайды, ең күшті аяздар тұрады, барлығы қармен жабылған, ағаштарға қырау тұрады.
Ақпанда күшті жел соғады, боран болады: ақпан айының соңында күннің қосылғаны байқалады, ең алғашқы мұздар пайда болады, күннің көзі жан-жағына шуағын шашады.
Қыс табиғатының әсемдігіне, сүйіспеншілікке тәрбиелеуге талаптандыру.
Жаңылтпаш
Қыс қыспаса қыс па,
Құс ұшпаса құс па?
Ырым
Қыс жылы болса-жаз салқын болады.
Өлеңдер
«Қыс» А.Құнанбаев.
Қимылды ойын.
«Кегліні құлат»
Кегліні құлата отырып, клюшка көмегімен нысанаға шайбаны лақтыра білуді бекіту. Белсенділікке тәрбиелеу.
Еңбек қызметі
Қардан демалыс орнын тазарту.
Өзінің іс-әрекетін жолдастарының іс-әрекетімен келістіру, ұжымда тапсырманы өз бетінше орындауға үйрету.Еңбек ету ынтасына тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер және эксперименттер.
«Ауа-райы»сөзіне анықтаманы ірікте»
(Қарлы, аязды, суық,күн шуақты, желді және т.б.)
Тапсырма. Балаларға қар бетінде жүріп өтуді және аяқ астында қалай сықырлайтынын тыңдауды ұсыну.
Өз бетінше іс-әрекеті
Әр балаға оны қызықтыратын ісімен айналысуға мүмкіншілік беру.
2. Қар басуын бақылау
Бақылау
Балаларға қар басуы жөнінде түсініктеме беру. Қар басуы кезінде бұлттардың пайда болатынын түсіндіру, айнала қараңғыланады және қар түсе бастайды; аспаннан жапалақтанған тасқыны ұшқандай сезіледі (ұлпа, ақ, жеңіл).Жан-жағымыз қозғалысқа толған және тыныштық .Қар, жүн көрпесі секілді, жерді қымтайды.
Қар кесектелген немесе жеке қиыршақталған секілді жауып тұр ма, соны ажырата білуге үйрету. Сөйлей білуді, ойлауды, елестетуді дамыту.Жансыз табиғаттың құбылысына қызығушылығын тәрбиелеу.Ауа-райы әсемдігіне эстетикалық қарым-қатынасты тудыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет