Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис


Күрделі бастауыштар мынадай жолдармен жасалады



бет5/60
Дата27.09.2023
өлшемі438,86 Kb.
#110770
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тірк

Күрделі бастауыштар мынадай жолдармен жасалады:
  • сөз таптарының күрделі түрлерінен: Ел іші – алтын бесік (мақал). Ұзын бойлысы бұрын кірді. (Б.М.) Жиырма беске беске бөлінеді. Оқып отырған – мен. Елге қызмет ету – парыз.


  • Зат есім мен есімдікке өздік есімдігі тіркесуі арқылы: Мен өзім - әрі ақын, әрі батыр (К.Ә.) Өмірдің өзі – новелла (газеттен).


  • Зат есім есімдікке жинақтау сан есімнің тіркесуі арқылы: Сайдалы екеуі ертең келмекші (Ж.А.)


  • Зат есім мен есімдікке деген көмекші етістігі тіркесуі арқылы: Оку деген инемен құдық қазғандай. (мақал) Сен деген сенбедің ғой. (Ж.А.).


  • Күрделі атаулардан: Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет.


  • Тұтес ұғым ретінде қабылданатын тіркестер мен тұрақты сөз тіркестерінен: Табақ тарту - ер адамның міндеті. Қазан асу – қатынның міндеті (мақал) Екі кеме басын ұстаған суға кетеді.




5.Сөз тіркесі және оған тән белгілер

Толық мағыналы кемінде екі сөздің тұлғалық және мағыналық жағынан байланысқан тобы сөз тіркесі деп аталады. Сөз тіркесінің негізгі белгілері:
сөздердің байланысуы сөйлем ішінде анықталатындықтан, сөз тіркесі сөйлем ішінде танылады;
● толық мағыналы кем дегенде екі сөзден тұрады;
сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір-бірімен белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады;
● сөз тіркесі қандай да бір синтаксистік қатынасты білдіреді.
Сөйлем ішіндегі сөздердің әртүрлі байланысуына қарай сөз тіркесі еркін сөз тіркесі және тұрақты сөз тіркесі болып бөлінеді. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді өзгертіп айтуға болады. Мысалы, көрікті деген сөзді бірнеше сөзбен тіркестіруге болады: көрікті адам, көрікті жігіт, көрікті қыз, көрікті табиғат, т.б. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бағыныңқы және басыңқы сыңарға бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет