сөз таптарының күрделі түрлерінен: Ел іші – алтын бесік (мақал). Ұзын бойлысы бұрын кірді. (Б.М.) Жиырма беске беске бөлінеді. Оқып отырған – мен. Елге қызмет ету – парыз.
Зат есім мен есімдікке өздік есімдігі тіркесуі арқылы: Мен өзім - әрі ақын, әрі батыр (К.Ә.) Өмірдің өзі – новелла (газеттен).
Зат есім есімдікке жинақтау сан есімнің тіркесуі арқылы: Сайдалы екеуі ертең келмекші (Ж.А.)
Зат есім мен есімдікке деген көмекші етістігі тіркесуі арқылы: Оку деген инемен құдық қазғандай. (мақал) Сен деген сенбедің ғой. (Ж.А.).
Күрделі атаулардан: Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет.
Тұтес ұғым ретінде қабылданатын тіркестер мен тұрақты сөз тіркестерінен: Табақ тарту - ер адамның міндеті. Қазан асу – қатынның міндеті (мақал) Екі кеме басын ұстаған суға кетеді.