75. Сөз тіркесі синтаксисіне анықтама беріп, оның негізгі мәселелерін түсіндіріңіз 76. Матаса байланысқан сөз тіркестері туралы баяндаңыз Матасу – қиысу, меңгеру сияқты синтаксистік байланыс формаларының бірі. Ол изафеттік құрылыстағы сөз тіркесінің байланыс формасы; Омарбектің інісі, ағаштың бұтағы, біздің табысымыз. Бұл сөз тіркестерінің бірінші сыңарлары ілік жалғауда, екінші сыңарлары тəуелдік жалғауда айтылған. Сөйлемдегі сөздердің осылай байланысуы – қазақ тілінің грамматикалық құрылысындағы ерекшелігінің бір. Ондай сөз тіркестерінің байланысын бірқатар авторлар қиысу деп қарайды. Енді бірқатар авторлар басқа тілдерде бар байланыс формасының, əйтеуір, біріне жатқызу үшін оны меңгеру деп таниды. Дұрысында, біздің матасу дегеніміз бен қиысудың кейбір сыртқы ұқсастығы бары рас. Бірақ екеуі бір емес; екеуінің мазмұны да, сөз тіркесін құраудың қызметі де екі басқа. Оның соңғыдан негізгі айырмашылығы мынау; егер меңгеруде өзара байланысқан сөздердің бірі екіншісіне бағынып тұлғаланса, матасуда бағыныңқы сөз бағынатын сөзге қарай айқас байланысады. Басқаша айтқанда, бір сөздің белгілі жалғауда тұруын керек ететін сөз оның жетеінде айтылып, оған бағынып тұрады. Егер қиысуда бағыныңқы сөз басыңқы сөзге иек артып, соның жақтық, көптік мағынасына лайық, белгілі грамматикалық тұлғада айтылса, матасуда керісінше, басыңқы сөз өзіне бағыныңқы сөздің жақтық мағынасымен үйлесіп, тісті граматикалық түлғада айтылса, матасүда, керсінше, басыңқы сөз өзіне бағыныңқы сөздің жақтық мағынамасы мен үйлесіп, тиісті граматикалық түлғада «тəуелдікжалғауда) жүмсалады. Сөйте түрып, ол бағыныңқы сөздің тиісті жалғауда «ілік септікте) айтылыуын керек етеді: Менің қарындасым келді, Сенің қарындасың келді, Оның қарындасы келді. Мұнда тəуелдік жалғаулардағы бастауыштарға баяндауыштар бағындырылып, ілік септікті сөздер олардың анық тауыштары болып түр. Ортадағы сөздің бірде I жақтық, бірде II жақтық, бірде III жақтылық түлғада айтылыуы оның бағыныңқысының ерекшелігіне қарай түрленетін болады да, олардың қай жақта болыуымен байланысты. Сонда тəуелдеулі сөздер өзіне бағыныңқы сөздердің мағыналық байланыслы айқасқан байланыс болады. Оны қиысумен салыстыра стрелкамен көрсетсек, былай болар еді. Қиысу Матасу Бастауыш Баяндауыш Анықтауыш Анықталушы Матаса байланысуды қиысудан бөліп қарау қазақ тілінің, сонымен қатар басқа түркі тілдерінің де сөйлем қурылысында бар синтаксистік ерекшелікті дұрыс тануға себепкер болады. Олай етпей, ағаштың жапырағы, менің жолдасым дегендерді тек жақтық, сандық қиысу тұрғысынан карағанда, ондай топтағы басыңқының тұлғаланыуы ескеріледі де, ілік жалғауындағы сөздерге бағыныңқылық ыңғайда жұмсалатыны ескерілмеген болады. Шынында да, олардың екі жағын бірдей ескеріу керек. Матасу деген терминді қлдануда изафеттік қурылыстағы (Темірбектің інісі тəрізді) тіркестін сол сияқты басқа сөз тіркестермен де тізбектеліп, шиыршықтана беретінін ескеру қажет. Мысалы: Темірбектің інісі; Темірбектің інісінің пальтосы; Темірбектің інісінің пальтосының түймесі; Темірбектің інісінің пальтосының түймесінің бауы; Бұл матаса байланысқан бір тізбекті тіркестің соңғы сөзі одан бұрын тұрған сөзбен матаса байланысып, ол басқа сөздермен тағы сондай синтаксистік байланысқа еніп, 3-4 сатылы шумақты топ жасалған. Ол топтың бірінші жəне соңғы сөзінен басқалары да анықталушы, əрі анықтауыш болып, бəрі жиналып, өзара матаса байланысқан бір синтаксистік шумақ болып тұрады.