90. Лепті сөйлемнің, реплика ретіндегі лепті сөйлемнің анықтамасын беріп, жасалу жолдарын түсіндіріңіз 91. Логикалық бастауыш туралы баяндаңыз
92. Тұрақты тіркестердің бастауыш қызметінде жұмсалуы Тұрақты тіркестердің бастауыш қызметінде жұмсалуы . Мысалы: Тағы директордың табалдырығын тоздыру басталды. Көңіл араздығы тосқауылдың тар кезеңінде кездесіп отырмыз ғой, ала көңіл артта қалсын. Осындай шытырман оқиғалардың үстіне, мына жақтан жандарал келеді деген алып қашпа хабар да естілді.
93.Сөйлемді бастауыштар. -нікі, -дікі жұрнақты бастауыштар. Көмекші сөзді бастауыштар. Шылаулы бастауыштар.
95. Оңашаланған баяндауыш Оңашаланған мүше - өзіне қатысты сөзді интонациялық жағынан ерекшелеп, нақтылып тұратын айқындауыштың түрі. Оңашаланған мүше алдындағы сөзді заттық, шақтық, мағыналық жақтарынан айқындап тұрады (Тойға Жақсыбай ақсақалдың балаларының барлығы да - Айқын да, Сапар да, Батырбек те, Жомарт та келді). Оңашаланған мүше сөйлем мүшелерін түгелге жақын айқындап тұрады. Демек, бастауышты ғана емес, толықтауышты (Тойға жиналғандар Жақсыбай ақсақалдың барлық балаларына - Айқынға да, Сапарға да, Батырбекке де, Жомартқа да - риза болды), анықтауышты (Жақсыбай ақсақалдың барлық бапаларының барлығының да - Айқынның да, Сапардың да, Жомарттың да, Батырбектің де жоғары білімдері бар), пысықтауышты да (Зәресін ұшырып, қорқытып алмайын деп, сыпайы, ақырын дауыспен, өзгелерге естіртпей, нәзік сөйледі) айқындайды. Тілдің мүмкіндігіне қарағанда, синтаксистік тұрғыдан бірыңғай мүше сияқты көрінгенімен, баяндауыштың да оңашаланған мүшелері бар деуге болады (Ашулы екені түрінен көрініп тұр: ызғарлы, қату, зілді немесе Ол әрдайым өзін мәдениетті ұстай біледі: дауыс көтермейді, жалынбайды, жарамсақтанбайды, өтірік-өсек айтпайды). Оңашаланған мүшенің сөз шеберінің стилистикалық ерекшеліктерін тануда, әдеби тілдің байлығын, тілдің оралымдылығын арттыруда қызметі зор.
97. Бар, жоқ сөздері арқылы баяндауыштың жасалуы