Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет14/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   374
тегі  сөз+етістік  (кітапқа  қарау),  табыс  септіктегі  сөз+етістік 
(баланы жақсы көру), жатыс септіктегі сөз+етістік (далада тұру), 
шығыс  септіктегі  сөз+етістік  (қаладан  көру),  көмектес  септік-
тегі  сөз+етістік  (балтамен  шабу,  адаммен  сөйлесу)  жəне  шылаулы 
сөз+етістік (үйге дейін бару). 
7. Сөз тіркесінің сыңарлары грамматикалық жағынан ғана емес, се-
мантикалық  жағынан  да  үйлесе  байланысуы  шарт,  яғни  сыңарлардың 
тіркесімділік қабілеті ескерілуі қажет (Мұны «валенттілік» деп те атап 
жүр).  Демек,  тіркескен  сөз  пішіндерінің  беретін  ұғым-түсінігі  ақиқат 
шындыққа сай келуі қажет. Мысалы, домалақ доп, лас қоқыс, ұшақпен 
ұшу деп тіркестіруіміз үйлесімді болады да, шаршы доп, таза қоқыс,
шошқамен ұшу деген тіркестер үйлесімсіз, ойға сыймайтын, яғни, объек-
тивті  модальдігі  жоқ  қисынсыз  қатар  болып  шығады.  Алайда  бір
ескертер жайт – тілде оксюморон, катахреза дейтін стильдік айшықтар 
бар,  бұл  мағынасы  қарама-қайшы,  тіпті  кереғар  сөздерді  тіркестіру 
арқылы жасалатын айшық. Мұның нормаға үйлеспейтіндігінен болар, 
ондай айшықтардың бəрі фразеологиялануға бейім болып келеді. Мы-
салдар: тірі өлік, мақтамен бауыздау, нəзік жыртқыш, үнсіз əуен, тіл-
сіз тіл т.с.с.
Міне,  осы  жеті  шарт-талап  сөз  тіркесінің  ұстынымы  болып  есепте-
леді. Сөз тіркесін талдауда осы жеті көрсеткіш есепке алынуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет