Синтаксистік парадигмалар


байланысып, екіншісі сол тіркеске ұйтқы, тірек болып тұруы қажет



Pdf көрінісі
бет11/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   374
байланысып, екіншісі сол тіркеске ұйтқы, тірек болып тұруы қажет
Осыған орай, əдеттегі қалыпта (нормативте) сөз тіркесінің бірінші сыңа-
ры  бағыныңқы  болады  да,  екіншісі  басыңқы  болады.  Сөз  тіркестері
басыңқы сыңарлардың қай сөз табынан болуына байланысты үлкен екі 
топқа бөлінеді: есімді сөз тіркесі жəне етістікті сөз тіркесі. Бұлар өз ішін-
де байланысу формасына жəне бағыныңқы сыңардың сөз табы белгісіне 
қарай бірнеше топшаларға жіктеледі. 
Есімді сөз тіркесінің байланысу формасына қарай бөлінетін түрлері 
– қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері, матаса байланысқан есімді 
сөз тіркестері, меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері. Қабыса бай-
ланысқан есімді сөз тіркестері сыңарларының сипатына қарай ішкі жік-
терін  үлгі-қалыптармен  көрсетуге  болады.  Анықтауыштық  қатынасқа 
құрылатын сөз тіркестері: зат есім+есім (ағаш есік); сын есім+есім (қы-
зыл есік); сан есім+есім (екі есік); есімдік+есім (осы есік); есімше+есім 
(сынған есік); пысықтауыштық қатынасқа құрылатын үлгі – үстеу+есім 
(қазір  бала,  ертең  азамат).  Матаса  байланысқан  есімді  сөз  тіркесінің 
үлгі қалыптары – көрінеу ілік септікті сөз+көрінеу тəуелдік жалғаулы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет