Синтаксистік парадигмалар


 СӨЙЛЕМНІҢ КОММУНИКАТИВТІК ТҮРЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет257/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

1. СӨЙЛЕМНІҢ КОММУНИКАТИВТІК ТҮРЛЕРІ
Тілдің коммуникативтік қызметі сөйлеу арқылы жүзеге асатыны бел-
гілі.  Адамдардың  бір-бірімен  қарым-қатынасы  кезінде,  пікір  білдіруде 
сөйлеушінің  коммуникативтік  мақсаты  бірінші  орында  болады.  Яғни 
сөйлем  дегеніміздің  өзі  тілдің  коммуникативті  бірлігі  болғандықтан, 
онда белгілі бір коммуникативтік мақсат болуы тиіс, яғни тыңдаушыға 
əсер етуді көздеуі тиіс. 
Сөйлемді  бұл  тұрғыдан  топтастыру  А.Байтұрсынұлының  еңбектері-
нен бастау алады. А.Байтұрсынұлы сөйлемдерді айтылуына қарай төртке 
бөледі: сұраулы сөйлем, лепті сөйлем, тілекті сөйлем жəне жай сөйлем. 
Осының ішінде тілекті сөйлемді əрі қарай бұйрық, өтініш, үгіт (ақыл), 
жай тілек деп бөледі. Ал жай сөйлем деп отырғанына «сұраусыз, лепсіз, 
тілексіз айтылған сөйлемдерді» жатқызады [1, 297 б.], яғни қазіргі хабар-
лы сөйлемді меңзеп тұрса керек. 
Сөйлемді ең басты синтаксистік санат ретінде мойындаған С.Аман-
жолов – қазақ тіл білімінде синтаксиске қатысты көптеген ой қалдырған 
ғалымдардың бірі. Ғалым жай сөйлемдерді мағыналық жағынан хабар-
лы, сұраулы жəне лепті сөйлем деп қарастырған [2]. Осы тектес топтас-
тыру Х.Арғыновтың «Жай сөйлем синтаксисінен грамматикалық табли-
цалар» еңбегінде [3], Н.Сауранбаевтың еңбектерінде [4] кездеседі. Бірақ 
Х.Арғыновтың 1974 жылы  жазылған  əдістемелік  құралында  бұйрықты 
сөйлемге қатысты пікірлері де бар [5].
Қ.Жұбанов сөйлем түрлерін сөйлем сазы деп бере келе, С.Аманжолов, 
Х.Арғынов, Н.Сауранбаевтың нұсқаларына сəйкес бөлген, тек лепті сөй-
лемнің атауын леп сазы деп қолданған [6, 157 б.]. Ал М.Балақаев аталған 
сөйлем түрлеріне бұйрықты сөйлемді қоса жіктейді [7].
Осы  мазмұндағы  пікірді  О.Күлкенованың  сөйлемдерді  коммуника-
тивтік мақсатына жəне оған тəуелді интонациясына қарай хабарлы, сұрау-
лы, бұйрықты жəне лепті деп қарастырған «Қазіргі қазақ тіліндегі жай 
сөйлем синтаксисі» атты еңбегінен таба аламыз [8, 5 б.].
Ж.Садуақасұлы  да  «Қазақ  тіліндегі  бір  құрамды  сөйлемдер»  деген 
монографиясында  жай  сөйлемдерді  мағынасына  қарай  хабарлы,  сұрау-
лы, лепті, бұйрықты деп береді [9, 7 б.]. 
Нақты сөйлеу процесінде баяндаудың берілу мақсаты жағынан сөй-
лемді хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер, ал эмоциялық мағынасы-
на қарай үстемелі лепті, арнаулы лепті сөйлемдер деп жіктеген О.Төле-
генов топтастырудың жаңаша үлгісін ұсынады [10, 43-44 бб.]. 


330
331
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
Р.Əмір  жай  сөйлемдерді  топтауда  сөйлеудегі  ерекшеліктеріне  баса 
назар  аударады. «Сөйлем  болмыстағы  қатынастарды  білдіру  үшін  ғана 
жұмсалмайды.  Кісінің  тіл  арқылы  қатынас  жасауы  пікір,  ой  айтумен 
қатар екінші кісіден пікір білу, информация алу үшін сөйлеуіне немесе
басқа біреуді іске қосу, жұмсау мақсатына да байланысты болады. Сөйлеу-
дің осы мақсаттары тілде сөйлемнің тиянақты формалары арқылы көрі-
неді», – дей келе сөйлеу мақсатына қарай сөйлемдерді хабарлы, сұраулы, 
бұйрықты, лепті деп жіктейді [11, 58 б.].
Қазақ тіл білімінде сөйлемдi коммуникативтік мақсатына қарай топ-
тауда ғалымдар арасында түрлі көзқарас бар. Байқап отырғанымыздай, 
көптеген  авторлар  сөйлемдi  хабарлы,  сұраулы,  бұйрықты,  лептi  деп 
4  топқа  бөледi.  Т.Н.Ермекованың  айтуынша,  соңғы  кезде  түркiтануда 
сөйлемдi  коммуникативтік  мақсатына  қарай  үш  түрге  (хабарлы,  сұрау-
лы, бұйрықты) бөлу ұстанымы орныққан. Хабарлы, сұраулы, бұйрықты 
сөйлемнiң мазмұны эмоциялық мағынаға ұласуы да, ұласпауы да мүмкін 
болғандықтан, лептi сөйлемді ғалымдар  айрықша мағыналық тип ретін-
де таниды [12]. 
Ж.Д.Рапишева  мен  Ж.А.Тұрлыбекованың  мақалаларында  сөйлем-
дердің  коммуникативтік  типтерін  оппозициялық  жұптарда  (хабарлы 
сөйлем — бұйрықты  сөйлем,  хабарлы  сөйлем — сұраулы  сөйлем)  қа-
растырғанда,  сөйлемнің  коммуникативтік  типтерінің  айырым  белгілері 
сөйлемнің  актуалды  мүшеленуіндегі  айырмашылықтармен,  яғни  ай-
тылымның логикалық предикаттарын білдіретін ремалық компоненттер 
сипатымен тікелей байланысты екенін айтады. Яғни «хабарлы сөйлемнің 
ремасы белгілі бір оқиға, құбылыс, қасиет, дерек туралы тікелей хабар, 
ақпар берсе, бұйрықты сөйлемнің ремасында сөйлеушінің талап етіп не-
месе  қалап  тұрған  іс-əрекетінің  мазмұны,  яғни  тыңдаушыны  іс-əрекет-
ке итермелеу болады. Сұраулы сөйлемнің ремасында сұраққа жауап алу 
көзделген, яғни тыңдаушыны жауап беруге, кері ремаға бағыттайды» [13, 
21  б.].  Ал  лепті  сөйлемнің  коммуникативтік-мақсаттық  дəрежесі  рема-
дан көрінбей, лептілік сөйлемнің қосалқы белгісі болатынын, сондықтан 
осы белгі негізінде хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер екі нұсқада 
беріле алатынына мына мысалдарды келтіреді: 
– Тоқтат, ақымақ! — Ғафу етіңіздер. Меймансыздар, кінə менен.  
Ал енді... келген іздеріңізбен кері қайтасыздар! [13, 21 б.]. 
Дегенмен  лепті  сөйлемдер  қарым-қатынас  кезіндегі  сөйлеушінің 
көңіл  күйінің  бір  көрінісі  арқылы  туындайды.  Ғалым  Р.Əмір  былай 
дейді: «Сөйлемдерді  айтылу  мақсатына  сай  хабарлы,  сұраулы,  бұй-
рықты,  лепті  деп  бөлуіміз – коммуникативтік  талапқа  сай  құрылудың 
бір  көрінісі  ғана.  Коммуникативтік  талаптар  алуан  түрде  көрінеді. 
Оларды негізінен екі топқа жатқызған дұрыс: бірінші дəрежедегі ком-
муникативтік  талаптар,  екінші  дəрежедегі  коммуникативтік  талаптар.
Бірінші дəрежедегі коммуникативтік талаптарға сай пайда болған конс-
трукцияларды (екі негізді хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлем-
дер) базистік деп танимыз. Екінші дəрежедегі коммуникативтік талапқа 
сай  конструкциялар  (туынды)  осыларға  синтагмалық,  парадигмалық 
жағынан негізделіп туады», – дей келіп, құрмалас сөйлем жүйесіндегі
коммуникативтік талаптың көрінісі ретінде үнемділік пен актуализация-
лауды көрсетеді [14].
Т.Н.Ермекова өз зерттеуінде сөйлемді коммуникативтік мақсатқа сай 
бөлу  үшін  үш  ұстанымды  негізге  алады:  мазмұнына  қарай:  хабарлы, 
сұраулы, бұйрықты; орын тəртібіне байланысты: базистік жəне актуал-
данған орын тəртіпті; эмоцияның қатысына қарай: лепті жəне лепсіз [12]. 
Осылайша сөйлемді коммуникативтік мақсатқа сай топтастырудың жаңа 
үлгісін ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет