336
337
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
Сондай-ақ ғалым сұраулы сөйлемдерді мағынасына қарай топтас-
тырған. Өйткені бұл сөйлемдердің сұрақтарының ішкі мазмұнына қа-
рай бөлінуі арнайы тілдік формасынан көрініп тұратындығын айтады
да, аталмыш сөйлем түрін мағынасына қарай төрт түрге бөледі. Олар:
ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер, альтернативтік сұрақты
білдіретін сұраулы сөйлемдер, риторикалық сұрақты білдіретін сұраулы
сөйлемдер, түрткі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер. Сұраулы сөй-
лемдердің осы мағыналық түрлеріне жеке-жеке тоқталып өтеді.
Сұраққа негіз болып отырған мүше жалпы, ашық түрде қойылады.
Оларды
ашық (жалпы) сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер деп
атап, өзара бірнеше түрге жіктеген [11, 62 б.]:
1. Субъектінің іздеулі екенін білдіреді.
Кім, не деген есімдіктер баста-
уыш позициясында тұрады:
Кім келді? Не құлатқан мұны?
2. Пердикативтік іс-əрекеттің, сапаның сынның іздеулі екенін біл-
діреді.
Не істеді, қайтті, кім, не, қандай, неше, қайда есімдіктері баян-
дауыштық позицияда жұмсалады:
Келгелі не істедіңіз? Сонда айтпағың
не?
3. Іс-қимыл нысанның іздеулі екенін білдіріп,
кімді, нені, кімге, неге,
кіммен, немен т.б. сұраулы есімдіктермен құралады:
Кімге жолықтың?
4. Іс-қимылдың сапасының, себебінің, мекенінің, мезгілінің іздеулі
екенін білдіреді. Пысықтауыш позициясында тұрған
қалай, не үшін,
неліктен, қашан деген есмідіктермен құралады:
Олар не үшін қалды? Ол
қашан қайтыпты?
5. Мұндай сұраулы сөйлемде зат сапасының, сынының, санының із-
деулі екенін білдіріп,
қандай, неше, қай деген есімдіктер анықтауыш по-
зициясында қатысады.
Қанша кісі жұмысқа шықты? Қандай вагонға
алдыңдар?
Сұраулы сөйлемнің келесі мағыналық түрін
альтернативтік
Достарыңызбен бөлісу: