2.4.6 Болымды жəне болымсыз сөйлемдер Сөйлемді болымды жəне болымсыз түрге ажырату қазақ тіл білімі та-
рихындағы грамматикалардың бəрінде орын алып келеді (қараңыз – қо-
сымша əдебиеттер: [18, 296 б.], [12, 164 б.], [8, 16-18 бб.], [19, 26-29 бб.]).
Бұл мəселе бойынша арнайы зерттеу жұмысын жүргізген О.Төлегенов
орыс ғалымдары (А.М.Пешковский, А.Н.Гвоздев, А.Б.Шапиро, Г.А.Золо-
това, А.Г.Руднев т.б.) мен түркітанушылардың (А.П.Дыренкова, А.Н.Ко-
нонов, А.Г.Гулямов, М.З.Закиев, Х.Исматуллаев т.б.) еңбектеріне талдау
жасай отырып, «сөйлемнің болымды жəне болымсыз болып құрылуы ба-
яндаудың (сөйлем предикативтілігінің) модальділікпен тығыз байланысы
арқылы жүзеге асады» деген тұжырым жасайды. Зерттеушінің ойынша:
«Сөйлем модальділігі, біріншіден, жалпы шындыққа деген объективтік
айтушы көзқарасына негізделеді. Себебі сөйлемдегі баяндау, яғни пре-
дикативтілік, жалпы шындыққа əрдайым айтушы тарапынан қатысты
болады жəне ақиқат, ақиқат емес іс-сапа ретінде не ерік-талап ретінде
беріледі. Айтушының жалпы шындық туралы тікелей білдіретін қатына-
сын логикалық не модальдік қатынас деу, соған орай, сөйлемді болым-
ды, болымсыз мəнде деу осымен байланысты» [18, 23 б.]. Бұл тұжырым
сол тұстағы кей орыс ғалымдарының «сөйлемнің болымды, болымсыз
түрлерін модальділіктің көрінісі» деп түсіндірген идеясын басшылыққа
алудан туындаған.
Қазақ ғалымдарының, түркітанушылардың, тіпті үнді-еуропа тілін
зерттеушілердің көбі бұл бөліністі дербес грамматикалық-семантикалық
дəрежедегі бөлініс деп түсіндіреді. Осы бағыттағы көзқарас Р.Əмірдің
еңбегінде кездеседі. Ол сөйлемдердің мағынасына, формасына қарап
өзара болымды, болымсыз болып сараланатыны жəне бұлай бөлініс пікір
білдірудің формасы болатындығын ескерте келіп: «Болымды, болымсыз
сөйлемдер өзара грамматикалық ерекшеліктері арқылы ажырайды. Бо-
лымсыз сөйлем болымды сөйлемнің формаларының негізінде жасалады.
Болымдылық, болымсыздық форма баяндауыштардың тұлғасы арқылы
көрінеді...», – деген ойға келеді [12, 87-88 бб.].
Ал белгілі ғалым Б.Шалабай О.Төлегеновтің ізімен: «Сөйлемдер ба-
яндаудың ақиқат, ақиқат емес модальдік мағыналарда бекітіліп берілуіне
қарай «болымды сөйлем», «болымсыз сөйлем» түрінде қалыптасады», –
деп түйіндейді [8, 35 б.].
Болымды сөйлемнің де, болымсыз сөйлемнің де басты құралу жолы
көбіне баяндауыш қызметіндегі сөздердің лексика-семантикалық ерек-
шелігіне жəне оларға грамматикалық тұлғалардың ұштаса тіркесуіне
байланысты болады да, қалыптасу амалы жағынан бір-біріне ұқсас бо-
лады. Бірақ баяндау барысында олар экспрессивтік, эмоциялық-модаль-
дік мағыналармен үстемеленіп айтылатындықтан, логикалық болым-
дылық-болымсыздық пен грамматикалық болымдылық-болымсыздық
тепе-тең бола бермейді.
Грамматикалық болымсыз сөйлемдер болымды сөйлемдердің баянда-
уыштарына арнаулы болымсыздық мəн тудыратын тұлғалар арқылы түр-
лі тəсіл-жолдармен жасалады.
І. Лексика-грамматикалық тəсіл арқылы жасалады.
1) а) «жоқ» модальдік сөзінің баяндауыш не оның негізгі компоненті
қызметін атқаруы арқылы: ...Ал Бисараның қуанышында шек жоқ (Қ.Жұ- маділов). Мирас бұлардың екі тобында да жоқ (Ə.Тарази); ə) «жоқ» сөзі мүшеленбейтін сөйлем қызметінде жұмсалады: – Сен өзің Аймауытовты білесің бе? Оқыдың ба? – деп сұрады. – Жоқ!.. (Қ.Мырза Əли).
136
137
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар 2) Бұйрық мəнді болымсыз мағыналы етістіктер (таста, құрт, же- тер, қой, болды т.б.) арқылы жасалған бір негізді болымсыз сөйлемдер:
– Таста! Құрт анау қолжазбаңды... (Ə.Тарази). Болды, жетті, тарт əрі басалқаңды! (Ғ.Мұстафин). 3) Баяндауышы болымсыз мағыналы тұрақты тіркестер мен болым-
сыз мағыналы мақал-мəтелдер: Ол кезде Есен комбайнда еді. Үйге келуге