бейтін. Көрмейтін (Ə.Тарази). Талғат жігіттің үстіне төніп тұрып:
– Ойланба да! Жауап берме де! Саған бұл сұрақты бергізбесін! Менің саған тілегім сол! – деді (Ə.Тарази). Бұл ерекшелік етістік бас мүшелі
бір негізді сөйлемдерге де тəн: Кейбір ұсақ нəрселерді айтпаса да болар (М.Əуезов). Əбіштің бұл сөзді мақұлдағысы келмейді (М.Əуезов). 2) негізгі сөзі есім болып келетін құрама баяндауыштарда -ма жұр-
нағы көмекші етістіктерге жалғанса, құрама негізде жасалған тұрақты
тіркесті баяндауыштарда ол соңғы етістік сөзге жалғанады: Райхан бұларға көз салмайды (М.Əуезов). Анау екеуінің де кейпі онша көңілді көрінбейді (С.Сейфуллин). ІІІ. Синтаксистік тəсіл арқылы жасалған болымсыз сөйлемдердің
баяндауышы лексикалық мəнді негізгі сөздерге «емес» жəне «жоқ» бо-
лымсыз мəнді көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалады:
1) «емес» көмекшісі (ауыз əдебиеттерінде «емен» болып та қолданы-
лады) есімше тұлғалы негізгі сөздерге жəне атау, жатыс, шығыс септік
жалғаулы негізгі сөздерге тіркесу арқылы, сондай-ақ, тұрақты тіркес
құрамында келу арқылы болымсыз сөйлем баяндауышын жасауға қаты-
сады: Əріректе ғана шұбап бара жатқан кіреші керуені көзіне ілінер емес (Ғ.Мүсірепов). Сырдың екі жағасы жалаңаш дала болса, оны бақ- шаға айналдырып алу еркі өзгеде емес... (С.Мұқанов). Жұманның жалғыз отырып қалуы қайсарлықтан емес (Ғ.Мүсірепов). 2) «емес» көмекшісі мүмкін, қажет, тиіс тəрізді модаль мəнді сөз-
дерге, сын есімдерге тіркесіп бір негізді жанама жақты сөйлем жасау-
ға қатысады: Əрине, мұндай жағдайда маған мұнда оқытушы болып