2.4.7 Етістікті жəне есімді сөйлемдер Сөйлем құрылымы жөніндегі көзқарастар мен пікірлердің қай-қай-
сысында да оның негізіне бас мүшелердің алынатыны, соның ішінде,
əсіресе баяндауыштың рөлі айрықша екендігі айтылады. Баяндауыш
қызметінде көбіне етістік сөз табының жұмсалатыны жөніндегі ойлар
басым. Алайда, есім сөздердің де баяндауыш қызметінде жұмсалу мүм-
кіндігінің мол екендігі зерттеушілердің үнемі назарында болып келді.
Осыған байланысты тілшілер арасында бастауыш пен баяндауыштың
предикативтік қатынасына негізделіп құрылған сөйлемдерді, баста-
уыштың бар-жоқтығына қарамастан, баяндауыштың басым қолда-
нылуын ескере отырып, «етістікті сөйлемдер» (етістік баяндауышты)
жəне «есімді сөйлемдер» (есім баяндауышты) деп ажырата қарау бар.
«Есімді сөйлемге» орыс тілі сөздігінде мынадай анықтама берілген: «Но-