емес (М.Əуезов). Кеңесті жерде кемдік жоқ (Мақал). Біз алмайтын қа- мал жоқ (С.Мұқанов). 4) Кейбір болымсыз тұлғалар арқылы жасалған риторикалық сұрау
жəне хабар мағыналы лепті сөйлемдер де сөйлеу жағдаятында болым-
дылық мəнде қолданылады. Мұнда интонацияның рөлі айрықша болады.
Мысалы:
– Сол арадан қоныс аударам дейтін едіңіздер, онда неғып жүрсіздер? – Каналдың бітуін күтіп жүрген жоқпыз ба? (С.Мұқанов). – Замандастың тілін кім алмайды... Мен оны алтыбақан басына ертіп бардым (Б.Майлин). – Маса жоқ, шыбын аз, су мынау. Дені сау мал қалай оңалмасын! (Ғ.Мұстафин) – Не бердің , қарағым-ау, ...ақы алған біз бар ма едік? – Ие, алған жоқсың, қысы-жазы ас ішіп, күн көріп отырғаның кім?.. (М.Əуезов). – Бара бер өзің, бармаймын! – деді де, Таймас атына мініп алды... – Боқты бармассың! – деді де, Қазанғап атының басын бері бұрды (ҒМұстафин).