Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет156/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

3 ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР 
3.1 Құрмалас сөйлемдердің зерттелуі 
Генетикалық  негізі  мен  табиғи  даму  тұрпаты  жағынан  аса  күрделі 
синтаксистік  санатқа  жататын  құрмалас  сөйлемдерді  зерттеп,  зерделеу 
тілтанушылар үшін оңай болмағандығы рас. Оның айқын дəлелі өткен 
ғасырдан  бастау  алатын  сан  салалы  зерттеулер  мен  күні  бүгінге  дейін 
жарық  көріп  жатқан  еңбектердің  барлығында  да  сөйлемнің  осы  түріне 
қатысты күрмеуі қиын мəселелер мен табиғаты тылсымдау бір пробле-
маның шығып тұратындығында.
Қазақ  тіл  білімінде  бұл  мəселеге  алғаш  көңіл  аударған  А.Байтұр-
сынұлы «Тіл-құрал. Сөйлем жүйесі мен түрлері» атты еңбегінде құрмалас 
сөйлемге қатысты түсінік береді [1, 280-291 бб.]. Құрмаластарды сыйы-
са  құрмаласу  жəне  қиыса  құрмаласу  деп  бөліп  қарастырады.  Автордың 
сыйыса  құрмаласу  деп  берген  сөйлемдері  (Қарабай  мен  Сарыбай  аңға 
шықты) қазіргі замандағы тілдік таным тұрғысынан талдағанда бірыңғай 
мүшелі жай сөйлем деп танылғанымен, аталған сөйлемнің оны құрмалас 
сөйлеммен  барабар  ететіндей  əлдебір  тілдік  заңдылықтың  негізінде  қа-
лыптасқандығын  жоққа  шығара  алмаймыз  (салыстырыңыз:  Қарабай  да 
аңға шықты, Сарыбай да аңға шықты). Қиысқан құрмаластарды салалас, 
сабақтас деп жіктеп, салаластарды мағынасына қарай жайылыңқы (Үлкен 
бастар,  кіші  қостар),  қайырылыңқы  (Мен  бардым,  сен  үйде  болмадың), 
айырыңқылы  (Не  сен  тұрасың,  не  мен  тұрамын),  сұйылыңқы  (Сабыр 
түбі – сары алтын: сарғайған жетер мұратқа, асыққан қалар ұятқа) жəне 
қойылыңқы  (Не  өгіз  өлер,  не  арба  сынар,  екінің  бірі  болар)  деп  бөлсе, 
сабақтастарды  бастауыш  бағыныңқылы,  анықтауыш  бағыныңқылы,  то-
лықтауыш бағыныңқылы, мезгіл пысықтауышының бағыныңқысы, мекен 
пысықтауышының бағыныңқысы, сын пысықтауышының бағыныңқысы, 
себеп пысықтауышының бағыныңқысы, мақсат пысықтауышының бағы-
ныңқысы, шартты бағыныңқы, ереуіл бағыныңқы деп бөледі.
Құрмалас сөйлемді «күрделі сөйлем» деп атаған Қ.Жұбанов оны са-
лалас жəне сабақтас деп жіктеп қарастырады [2, 231 б.]. 1936 жылы орта 
мектептің 5-7-сыныптарына  арналған  «Қазақ  тілінің  программасында» 
құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары мен амал-тəсілдері көрсетіліп, 
мағыналық  түрлеріне  тоқталған.  Құрмаласты  жасайтын  амал-тəсілдер 
салаласта алғашқы сөйлем баяндауышы құрамындағы еді көмекші етісті-
гі, шартты рай тұлғасы, көсемшенің -п тұлғасы, да, жəне, сосын дəне-
керлері, сол себепті, сондықтан, сөйтіп, бірақ, сөйтсе де, я, əйтпесе, не 


162
163
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
болмаса, үйткені, неге десең т.б. жалғаулықтары, осы, сол, бұл есімдік-
тері; сабақтаста, негізінен, құрамында қатыстық сөздері бар шартты рай 
тұлғалы етістіктер көрсетіледі.
Салалас  құрмаластарды  өз  ішінде:  ыңғайлас,  ереуіл,  талғама,  се-
беп-салдар  шарт  жағдай  деп  бөледі  де,  сабақтастарды  анықтауыш 
бағыныңқылы, толықтауыш бағыныңқылы, пысықтауыш бағыныңқылы 
деп саралайды [2, 359 б.].
Құрмалас сөйлемді зерттеуді алғаш рет практикалық мақсатта емес, 
ғылыми тұрғыдан қарастырған С.Аманжолов құрмалас сөйлемдерді са-
лалас,  сабақтас,  аралас  жəне  тиянақсыз  сабақтас  деп  төрт  түрге  бөліп 
қараса [3, 359 б.], құрмалас сөйлемдерді арнайы зерттеген Н.Сауранба-
ев  бұл  мəселеде  бірнеше  пікір  ұсынды:  алғашқы  топтастыруда  құрма-
ластарды салалас жəне сабақтас деп жіктесе [4, 46 б.], кейінірек салалас 
құрмалас,  сабақтас  құрмалас  жəне  іргелес  құрмалас  деп  топтайды [4, 
34-106 бб.], ал соңғы топтастыруда құрмаластарды 4-ке бөледі: салалас, 
сабақтас, аралас, үйірлі мүшелі сабақтастар [4, 520 б.]. 
С.Жиенбаев құрмаластың тек салалас жəне сабақтас деген 2 түрі бар 
екенін, ал аралас құрмаластың “өз алдына бір бөлек заңдары жоқ” екенін 
айтады [5, 33 б.]. 
Аталған  топтастырулардың  қолданыстағы  топтастырулардан  елеулі 
айырмашылықтары болғанымен, бүгінгі күн тұрғысынан алып қарағанда 
назар аударатын тұстары да жоқ емес.
Профессор  Н.Сауранбаевтың  “Қазақ  тіліндегі  құрмалас  сөйлемдер 
жүйесі” атты очеркінде берілген іргелес құрмаластар – тілімізден берік 
орын алып, əбден қалыптасып кеткен жалғаулықсыз салалас сөйлемдер. 
Мұндай сөйлемдерді салаластың бір тармағы есебінде қарамай, жалпы 
құрмалас сөйлемнің бір түрі ретінде түсіндірген. Ондағы дəлелі – “ірге-
лес құрмаласта салаластың да, сабақтастың да белгісі бар. Салаласқа тəн 
белгісі – ондағы жай сөйлемдердің грамматикалық жағынан бір-бірімен 
тең дəрежеде құрмаласатындығы жəне сөйлемнің баяндауышы тиянақты 
қалыпты болатындығы. Ал іргелестерді сабақтастармен жақындастыра-
тын  белгі – іргелестегі  жай  сөйлемдер  ішкі  мағына  жағынан  бірін-бірі 
сипаттап, бір-біріне тəуелді болып байланысады” [4, 27-28 бб.].
Сонымен  бірге  бағыныңқы  компоненттің  табиғатын  сөйлем  мүше-
лерінің атқаратын қызметімен теңестіре қараған ғалым: “Бағыныңқылар 
басыңқы сөйлемдегі бір жай мүшенің қызметін атқарады, я соның орны-
на жүреді”, – дей келіп, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін төменде-
гіше жіктейді: 
1. анықтауыш бағыныңқылы;
2. толықтауыш бағыныңқылы;
3.  пысықтауыш  бағыныңқылы – мұның  өзі  ішінара  мезгіл,  себеп-
амал, мақсат пысықтауыш бағыныңқылар болып ажыратылған.
4. шарт бағыныңқылы;
5. қарсы бағыныңқылы;
6 салыстырма бағыныңқылы сабақтас.
Үйірлі  мүшесі  бар  сөйлемдерді  ғалым  екі  жақты  түсіндіреді:  егер 
есімшелі сөйлемдердің өзіне қатысты бастауышы болмаса, ондайларды 
есімше анықтауыш үйірлі мүшелі жай сөйлем дейді де (Емтихандарын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет