Əкесі – сондай сергек, сақ адам. Біздің келгенімізді сезіп қалмасын деп, киімімізді ауыстырып киіп алдық (С.Түгелбаев).
Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқысының баянда-
уышы -ып, -іп, -п, -а, -е, -(ма) й формантты көсемше мен өткен шақ
есімшеге -дай жұрнағының жалғануы арқылы жасалатыны белгілі.
Соңғы тəсілдің контекстік бағыныңқы оралымда да (күрделенген сөй-
лемдегі) болу мүмкіндігі бары түйсікпен сезіледі, бірақ бір қызығы, біз
жинаған мол тілдік материалдың ішінде қимыл-сын бағыныңқы оралым-
ның көсемше арқылы жасалу жайттары ғана кездесті. Мысалдар:
Əуелі ірі-ірі тамшылар батылсыз тамды. Жерге тигенде майда бұр- шақ сияқтанып, бос топырақ шұрқ-шұрқ тесік болды (Ж.Шағатай).
Бұл – құлағына сенер-сенбесін білмей, екеуіне кезек жалтақтай қара- ған. Мұндай ой кəперіне де келмеуші еді, тұла бойы мұздап қоя берді. Қайсы- сына не айтарға сөз таппай, үні де шықпай, тығыла түседі (М.Қаназов).
Қолға суды Жаңыл құйды. Мені көрген соң абдырап құманды жөндеп ұстай алмай, əбден берекесі кетті (Т.Алшынбаев).
Сонымен, күрделенген сөйлемнің құрылуына контекст ықпал етеді
екен, оның бағыныңқы оралымының (тəуелді конструкциясының, бөлі-
гінің) бастауышы сол сөйлемде тұрмағандықтан, жартылай предикатив-
теніп тұрғанын контекстен байқауға болады.