3.3 Құрмалас сөйлемдерді зерттеудің көп қырлылығы Синтаксистік бірліктерді зерттеуде мəселеге бір ғана қырынан келу-
дің жеткіліксіздігін қазақ тіліндегі функционалды синтаксис мəселесін
жүйелі түрде алғаш зерттеген ғалым Ж.Жакупов: «...қазақ тіл білімін-
де синтаксистік құрылыс құрылымдық аспектіден ғана тексеріліп жүр.
Синтаксистік құрылыстың кешенді құбылыс екенін мойындасақ, оны əр
қырынан зерттеу – ғылым міндеті. Ондай аспектілер туралы постулаттық
деңгейде де мақалалар жоқ. Сондықтан функционалдық аспектіге келу
үшін басқа аспектілерді мазмұндамай, айналып өте алмаймыз», – дей-
ді [21, 4 б.]. Əрине, құрылымдық грамматика үстемдік алған қазақ тіл
білімінің өткен ғасыры бүгінгі күн үшін өлшеусіз мұра қалдырды десек
те, синтаксистің аса күрделі саласы құрмалас сөйлем синтаксисіне қатыс-
ты ғалымдарымыз бағасы түспес, мазмұны құнды сүбелі зерттеулер қал-
дырды десек те, аталған синтаксистік бірліктің құрылымдық аспектіден
де қарастыратын тұстарының, басы ашылып, нүктесі қойылмаған мəсе-
лелерінің де бар екендігін мойындауымыз керек. Басқаны айтпағанның
өзінде, құрмалас сөйлемдердің құрамы мен құрылымдық-мағыналық
түрлерін топтастыруда ұстаным жағынан да, сандық көрсеткіші жағынан
да бірізділіктің болмауы – соның дəлелі. Біздің ойымызша, аталған мəсе-
лені бір жақты, бір ғана аспектіде талдау оның тілдік табиғатын жан-
жақты танытуда өз нəтижесін бере алмайды. Сондықтан осынау күрделі
мəселені шешу үшін оған жан-жақты аспектіде келу артық болмайтын-
дығын атап өткен жөн.
Алдымен құрмалас сөйлемді, əсіресе, оның компоненттерін