Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет163/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

никативті синтаксис синтаксистік бірліктерді коммуникация процесін-
дегі  қызметі  тұрғысынан  зерттейді.  Осы  аспектінің  аясында  сөйлемнің 
актуалды мүшеленуі туралы теория дүниеге келді.
Синтаксистік  бірліктерді,  əсіресе,  құрмалас  сөйлемдерді  психолин-
гвистикалық аспектіде зерттеудің де мəні зор. Сөйлеу əрекеті теориясы-
на, когнитивті лингвистикаға сүйенетін психолингвистика бір мағынаны 
беруде түрлі тілдік амалдарды қолданудың прагматикалық əсер-ықпалын 
зерттейді. Мысалы, бір ғана мезгілдік мəн беру үшін сөйлеуде түрлі тіл-
дік тұлғаларды қолдану тілдік тұлғаның əртүрлі психологиялық күйіне, 
сөйлеу əрекетінің ішкі құрылымына, сөйлеушінің тілді меңгеру дəреже-
сі  мен  функционалды-стилистикалық  факторға  байланысты  болатыны 
айтылып жүр [27]. Семантикалық аспект бойынша зерттеуде синтак-
систік бірліктердің мазмұндық жағына мəн беріледі [28]. Семантикалық 
синтаксис  синтаксистік  бірліктердегі  тілдік  семантиканың  компонент-
тері мен олардың арасындағы қатынасты зерттейді.
Сөйлем семантикасын зерттеуге деген қызығушылық сөйлем құрылы-
сын, оның жіктелуін тілден тыс мазмұн мен тілдік форманың арақатына-
сы жағдайында көрсетті.
Синтаксис  семантикасына,  оның  құрылысының  мазмұнына  деген 
қызығушылықтың  артуы  дəстүрлі  синтаксиспен  қатар  дамитын  син-
таксистік оқытудың жаңа саласын немесе жаңа бағытын – “семантика-
лық синтаксисті” өмірге əкелді. Бірақ синтаксистік материалмен жұмыс 
жасау  барысында  коммуникативті  емес  тілдің  жоқтығы  сияқты,  семан-
тикалық  емес  синтаксистің  болмайтынына  көз  жеткіздік.  Коммуника-
тивті-семантикалық белгілер бірінен-соң бірі қолданылмаса да, грамма-
тикалық  оқулардың  бөлінбейтін  құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Чех 
орыстанушысы М.Кубиктің “синтаксистік қатынастардың семантикалық 
жақтарын сипаттау тіл мамандары үшін жаңа дүние емес” екендігін əділ 
көрсеткендігін айта келіп, Г.Золотова лингвистикалық теория дамуының 
қазіргі  деңгейі  ғана  синтаксистік  семантиканы  жүйелі  түрде  зерттеуге 
мүмкіндік беретіндігін айтады [29, 15 б.].
Көптеген  ғалымдардың  жұмыстары  соңғы  кезде  синтаксистегі  се-
мантиканың  негізгі  рөлін  айтып  қана  қоймай,  сөйлемнің  семантика-
лық  құрылысына  назар  аударып,  синтаксистік  семантиканың  жіктеліп 
шығуына ықпал етуде.
Қазақ тіліндегі синтаксистік құрылымдарды семантикалық талдау қа-
жеттілігі кездейсоқ  дүние  емес. Бұл  мəселе арнайы  сөз болмағанымен, 
ғалымдардың еңбектерінде синтаксистік бірліктердің семантикалық си-
паты назардан тыс қалған емес. 
Аталған бағыттар бір-бірінен ерекшеліктері бола отырып, бір арнаға 
тоғысатын кездері де болады. Тіл біліміндегі мұндай сарынның негізін-
де тіл бірліктерін əр қырынан қарастыратын құрылымдық-семантикалық 
жəне функционалды-семантикалық ілімдер дүниеге келді. 
Қазіргі кезде сөйлемді зерттеудің үш түрлі бағыты бар:
1. құрылымдық-семантикалық бағыт;
2. функционалды-семантикалық бағыт;
3. коммуникативтік-прагматикалық бағыт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет