36
37
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
сөйлеу, екі келу, бір-ақ аттау. Қабыса байланысқан сөздердің көпшілігі
сөйлемде тұрақты орынға ие болады да, ол орыннан жылжытуға көне
бермейді.
Қабысудың жай жəне күрделі түрі бар. Дара ұғымды сөздің қабыса
байланысуы жай қабысу болады. Мысалы:
ағаш күрек, екі ешкі, мөлдір
су, жалт қарау т.б. Қабыса байланысқан сөз тіркесінің бағыныңқы сыңа-
ры бірнеше сөзден құрылуы мүмкін. Мұны күрделі қабысу дейді. Мы-
салы:
төрт бөлмелі үй, қап-қап бидай, бұйра бас жігіт.
Сөздердің байланысу ыңғайына қарай қабысу тікелей қабысу жəне са-
тылай қабысу болып екіге бөлінеді.
Тікелей қабысу. Бағыныңқы сыңардағы əрбір сөз басыңқы сыңар-
мен өз бетінше байланысуға қабілетті болады. Мұны тікелей қабысу дей-
міз. Мысалы:
мөлдір таза ауа (
мөлдір ауа, таза ауа);
ұзын əдемі кірпік
(
ұзын кірпік, əдемі кірпік);
айдалған тегіс жер (
айдалған жер, тегіс
жер);
тұқыл сары сиыр (
тұқыл сиыр, сары сиыр),
сүрленген көк жү-
гері (
сүрленген жүгері, көк жүгері);
бұйраланған қою қара шаш (
бұйра-
ланған шаш, қою шаш, қара шаш);
аптығып тез жүру (
аптығып жүру,
тез жүру).
Сатылай қабысу. Алдымен екі сөз тіркесіп бір ұғымды білдіреді де,
өзара жігін жазбай келесі сөзбен тіркеседі. Осы тəртіппен бірнеше сөздер
ұласа ұштасып қабыса беруі мүмкін. Мұны сатылай қабысу дейміз. Мы-
салы:
биік өкше етікті əйел; үш қабат үй; бір тонна көмір; ұзын бойлы
жігіт; қой көзді бала; тез өнетін тұқым; алтын сырғалы қыз; қылқан
жапырақ ағаш.
Тікелей қабысу – қабысудың жай түріне, сатылай қабысу – қабысу-
дың күрделі түріне жатады. Тікелей қабысатын бағыныңкы сыңарлар-
дың кейде орындарын ауыстыруға не арасына басқа сөз қоюға болады.
Сатылай қабысуда олай емес, мұндағы сөздердің орны тұрақты бо лады.
Бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен қатар тұрады əрі тікелей қабысудағыдай
бағыныңқы кез келгенін басыңқымен еркін байланыстыруға келмейді.
Мысалы:
үш қабат үй (
қабат үш үй деуге болмайды,
үш үй, қабат үй
десек тіркестің мəні бұрмаланып кетеді).
Жанасу. Орны жағынан басыңқы сөзбен қатар тұратын атау тұлға-
дағы бағыныңқы сөздің алшақ тұрып-ақ, еркін байланысуын жанасу
дейміз. Жанасудың сөйлем ішінде байқалатыны жоғарыда айтылды. Бұл
да қабысу сияқты орын тəртібі тəсіліне сүйенеді. Алайда мұның сөйлем
ішінде сөз бен сөзді тіркестіруде ерекшелігі де бар. Мысалы:
Қар жа-
палақтап жауды. Малшылар жайлаудан кеше келді. Бұл сөйлемдерде
жапалақтап жауды, кеше келді деген жанаса байланысқан сөздер бар.
Алдыңғы сөйлемдегі
жапалақтап деген сөзді бірінші орынға қойып
Жапалақтап қар жауды. десек те екі сөздің өзара байланысы бұзыл-
майды. Осы сияқты, екінші сөйлемдегі
кеше деген сөзді өз орнынан
алып, сөйлемде əр орынға қоюға болады:
Кеше малшылар жайлаудан
келді, Малшылар кеше жайлаудан келді. Малшылар жайлаудан кеше кел-
ді т.б.
Жанасудың бағыныңқы сыңары дара мағыналы бір-ақ сөзден жасала-
ды. Жоғарғы мысалдардағы
жапалақтап жауды, кеше келді деген тіркес-
тер жай жанасуға жатады. Жай жанасудың бағыныңкы сыңары көбінесе
үстеуден (əсіресе мезгіл үстеу, көсемше, кейде басқа сөз таптарынан да)
болуы мүмкін.
Күрделі жанасудың бағыныңқы сыңары көбінесе септеулік шылау-
лар мен көмекші есімдер қатысты күрделі сөздерден жасалады. Мысалы:
Шаңғышылар тауға қарай жүреді. Қойлар беткейге таман ығысты,
Жұмыс жайында сөйлестік. Есік алдында екі ат байланған.
Жанаса байланысқан сөздердің басыңқы сыңары көбінесе етістік бо-
лады. Мысалы:
Кенет Нұрғайша Тінəліқызы қарқылдап күліп жіберді.
Мұнда
кенет, қарқылдап деген сөздер
күліп жіберді деген күрделі
етістікпен жанаса бай ланысқан.
Достарыңызбен бөлісу: