Синтаксистік парадигмалар


  Аналитикалық-синтетикалық  байланысу  тəсілі



Pdf көрінісі
бет27/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

3.  Аналитикалық-синтетикалық  байланысу  тəсілі.  Бұл  тəсіл-
де аналитикалық тəсілдің де, синтетикалық тəсілдің де элементі болуға 
тиіс.
Біздің оқушылар кеше мектепке дейін біраз ағаштарды складтан 
тасыпты («Лениншіл жас») – деген сөйлемдегі мектепке дейін та-
сыпты сияқты сөз тіркестерін көпшілік ғалымдар аналитикалық тəсіл 
арқылы байланысып тұр дейді. Бірақ бұл жерде мынаны да ескерген 
жөн. Дəл осы сөз тіркесінің өзін таза аналитикалық тəсіл деп айтуға 
болмайды. Себебі, бұл сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарында мектеп 
сөзіндегі барыс жалғауы синтетикалық тəсілдің элементі болса, ал ол 
барыс жалғаулы сөзге дейін шылауы қосылуы – аналитикалық тəсіл-
дің элементі. Сөйтіп, бір бағыныңқы сыңарда əрі синтетикалық, əрі 
аналитикалық тəсілдің элементі бар екені айқын. Олай болса, мұндай 
сөздерде əрі аналитикалық, əрі синтетикалық тəсілдің де элементтері 
болуына  байланысты  аналитикалық-синтетикалық  деп  алып  отыр-
мыз.
 Профессор Т.Сайрамбаев байланысу тəсілдерінің аналитикалық-син-
тетикалық тəсілін іштей жан-жақты талдай келіп, олардың мынадай жа-
салу жолдарын анықтайды: 
а) көмекші есімдер арқылы. Таңғы салқын ауада бойы тоңазып, тере-
зенің алдында тұрды («Қазақ əдебиеті»). Столдың үстіне жақындатып 
дайындап қойған шай-суы мен дəрі-дəрмектері сол қол тимеген күйі мө-
лиіп тұр («Қазақ əдебиеті»);
ə) шылаулар арқылы. Жылқылар батысқа таман ығысты (Ғ.Мұста-
фин). Оспан өзенге қарай беттеді (М.Əуезов).
б) көмекші етістік арқылы. Асан дегеннен алдым («Лениншіл жас») [7].
Аналитикалық-синтетикалық байланысу тəсілінің көмекші сөздердің 
ішінде  көмекші  есімдер  мен  шылаулар  арқылы  келуі – жиі  кездесетін 
құбылыс. Ал оның модаль сөздер мен көмекші етістік арқылы келуі си-
ректеу. Яғни аналитикалық-синтетикалық байланысу тəсілінің көмекші 
сөздер арқылы байланысуы дегенде көмекші сөздердің барлығының қыз-
меті бірдей еместігін ескерген жөн. Сонымен, сөз бен сөзді байланысты-
руда көптік, септік, жіктік, тəуелдік, жұрнақтар, орын тəртібі, интонация, 
көмекші сөздер сияқты сегіз дəнекерлер қатысты екен. Осыларды анали-
тикалық жəне синтетикалық деп топтаумен бірге, байланысу тəсілдерінің 
үшінші түрі аналитикалық-синтетикалық тəсілдің де ерекшелігін айтуға 
болады.
Ендеше  аталған  байланысу  тəсілдерінің  əрқайсысының  жасалу  жо-
лын бөлек көрсетуге болады: Синтетикалық байланысу тəсілі: а) септік 
жалғауы арқылы; ə) тəуелдік жалғауы арқылы; б) жіктік жалғауы арқылы; 
в) көптік жалғауы арқылы; г) жұрнақ арқылы; аналитикалық байланысу 
тəсілі: а) сөздердің орын тəртібі арқылы; ə) интонация арқылы; б) көмек-


34
35
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
ші сөздер арқылы; аналитикалық-синтетикалық тəсіл: көмекші сөздер: 
а) шылаулар арқылы ə) көмекші есімдер арқылы; б) көмекші етістіктер 
арқылы; в) модаль сөздер арқылы жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет