Бастауышты үстеме құрылым. Бірден мысал келтірейік: Енді соты ғана қалды ғой. Əскери сот. Əскери сот деген не? Ресейде бұл күні бұрын белгілеген үкімнің жарияланатын орны ғой. Кəдімгі белгілі жазаның ... Ату, асу, каторга – жазаның мөлшері осы үшеуі (Х.Есенжанов).
Мысалдағы Енді соты ғана қалды ғой деген негізгі сөйлемге Əскери сот деген тіркес үстеме болып тұр. Негізгі сөйлем мен үстеме бөлікті
біріктіріп, қалыпты сөйлемге айналдырып көрейік: Енді əскери соты ғана қалды ғой. Авторға, əрине, осылай етіп жазу белгілі. Алайда оның
субъективтік-коммуникативтік мүддесіне жүгінсек, əскери сот тіркесіне
ерекше екпін (актуализация) керек болып тұр. Олай дейтініміз – жазушы
бұл коммуникативтік бөліктен ары қарай үстеме бөлікке (əскери сот) си-
паттама беру арқылы хабар əсерін күшейте түседі. Бұл жерде бастауыш
өзі жеке үстеме бөлікке шығып тұрған жоқ, ол өзімен бірге анықтауышты
бірге ала қайталанып тұр.
Негізгі сөйлемде бастауыштың болмай, оның үстеме құрылымда ай-
тылуына мысал келтірейік: Мектепке де бірге келген екен. Дубенко(Га-
зеттен).
Жоғарыдағы мысалда негізгі сөйлем құрамында бастауыш жоқ, баста-
уыш үстемеленіп тұр. Бұл сөйлемді қалыпты сөйлемге айналдырып, еке-
уін салыстырып көрейік: Дубенко мектепке де бірге келген екен. Қалып-
ты сөйлемде бастауыш өз орнында тұрғандықтан, ерекшеленбейді. Ал
үстеме құрылымда бастауыш негізгі айтылымнан бөлініп шығып, үзіл-
мелілік сипат алады жəне өзіне мағыналық салмақ артады.
Негізгі сөйлемде бастауыштың болып, үстеме сөйлемде оның нақты-
лана түсуі: Атасы – комбинатта бағбан. Оспан(Газеттен). Мысал-
да негізгі сөйлемдегі бастауыш – атасы, үстеме сөйлемде нақтылана,
анықтала түскен. Негізгі құрылымда бағбанның аты белгісіз болса, үсте-
ме құрылымда оның есімі аталған.
386
387
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар