388
389
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
ты, көлемі, салмағы, саны сияқты сапаларын білдіреді де, анықтайтын
сөзімен тығыз байланыста болады.
Тіліміздегі анықтауышты үстеме құрылымдар өзіндік белгілерімен
ерекшеленеді. Анықтауыштардың үстеме құрылым құрамында қолдану-
ларының мынадай мағыналық түрлері бар:
1) Негізгі сөйлемнен бөлініп шығып, үстеме құрылымда айтылатын
анықтауышты үстеме құрылым;
2) Негізгі ойды кеңейтетін жəне бір мүшені анықтайтын анықта-
уышты үстеме құрылым;
3) Айтылған ойға авторлық баға беру немесе авторлық көзқарасын
көрсететін анықтауышты үстеме құрылым.
1) Негізгі сөйлемнен бөлініп шығып, үстеме құрылымда айтылатын
анықтауышты үстеме құрылым. Үстеме құрылымның бұл түрі ауызекі
тілімізде көп кездеседі. Санадағы алдын-ала белгілі хабар айтылып
жатқанда немесе айтылып болғаннан кейін келетін қосымша хабар негіз-
гі сөйлемнің соңынан тіркестіріліп айтылады. Үстеме құрылымның ауыз-
екі сөйлеу тіліне тəн деуіміз осыған байланысты. Ал жазба əдебиетке
келсек, бұл, тіптен, басқа мəселе.
Жоғарыда айтқанымыздай, жазба əдебиетімізде үстеме құрылымның
көрініс беруі жазушының негізгі сөйлемде айтатын мəселесін ұмытып
кетуден емес, мұнда айтушының коммуникативтік мақсаты жатыр: оқыр-
манның назарын белгілі бір мəселеге аудару, үнемділік, сөйлемге стилис-
тикалық əр беру, эмоционалды-экспрессивтік бояу үстеу т.б. Мысалы:
Пішен төбесі мен қораның ығында жатқан иттер үреді. Сақ, мазасыз
(М.Əуезов).
Автор бұл сөйлемде бірыңғай анықтауыштарды сөйлемнің сырты-
на (нүктенің сыртына) шығарып жіберуінің себебі – бірыңғай анықта-
уыштарға оқырманның назарын аудару жəне оларға ерекше логикалық
екпін түсіріп, актуалдау. Бұл сөйлем қалыпты сөйлемге қарағанда, үзіл-
мелі екпінмен оқылады. Мына төмендегі қалыпты сөйлем мен үстеме
құрылымды салыстырып қараңыз:
Пішен төбесі мен қораның ығында
жатқан сақ, мазасыз иттер үреді.
Қалыпты сөйлемге қарағанда үстемелі сөйлемнің өзіндік коммуника-
тивтік мақсаттан туған ерекшелігі бар. Қалыпты сөйлем құрамындағы
бірыңғай анықтауыш ешқандай өзгешеліксіз, іргелес тұрған мүшелер-
ден ерекшеленбей бір екпінмен айтылады. Ал үстеме құрылым бөлігін-
де болғанда, басқа мүшелерден ерекшеленіп, сөйлемдік интонациядан
бөлек интонациямен дыбысталады. Негізгі сөйлем айтылғаннан кейін
үзіліс болады да, үстеме анықтауыштарға маңыз беріле өзгеше интона-
циямен айтылады.
2) Негізгі ойды кеңейтетін жəне бір мүшені анықтайтын анықта-
уышты үстеме құрылым. Басқа анықтауышты үстеме құрылымдармен
салыстырғанда бұл түрі жиі кездеседі. Мысалы:
Енді мұның алдында бір
ғана жол тұр: əрі қысқа, əрі төте өлім жолы. Ажалдың құтқармас
құрығы (Қ.Жұмаділов).
Бұл сөйлемнің басқа анықтауышты құрылымдардан ерекшелігі – үсте-
ме бөліктегі анықтауыштың негізгі сөйлем құрамындағы анықтайтын
сөзінің алдына қоя алмайтындығымызда. Себебі, біріншіден, негізгі сөй-
лем құрамында бірыңғай анықтауыштар бар, екіншіден, үстеме бөліктегі
мүше алдыңғы айтылған мəселеге қосымша мағына ғана үстейді. Басқа-
ша айтқанда, негізгі, жетекші анықтауыш емес, негізгі ойды кеңейтетін
мүше ғана.
Келесі кезекте мынандай құрылымды талдап көрейік:
Қытай жұр-
тында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінің қолын
Достарыңызбен бөлісу: