Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет34/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Етістікті  тіркестер.  Етістікті  сөз  тіркестерінің  грамматикалық  не-
гізі, діңгегі етістік болады да, соның негізінде басқа сөздер етістіктердің 
маңына топталады. Көптеген есім сөздер етістіктермен ешбір қосымша-
сыз тіркеседі. Бұл ретте етістіктер мен есімдердің өзара байланыс түрі қа-
бысу болады. Етістікті сөз тіркестерінің енді бір тобы есімдердің барыс, 
табыс,  жатыс,  шығыс,  көмектес  септік  жалғаулары  арқылы  салт  жəне 
сабақты  етістіктермен  меңгеріле  байланысады.  Қабыса  байланысқан 
етістікті сөз тіркестерінің құрамы əртүрлі болады. Етістіктермен қабы-
са  байланысатын  сөздер:  үстеулер,  еліктеуіш  сөздер,  көсемшелер,  сын 
есімдер, сан есімдер. Есімдер етістікке қатысты болып меңгеріле байла-
нысу  үшін  барыс,  табыс,  жатыс,  шығыс,  көмектес  септік  жалғаулары-
ның бірінде айтылады. Бұл жалғаулар – есімдерді етістіктермен ұласты-
рушы ғана емес, сөздердің синтаксистік қызметін саралайтын тұлғалар. 
Меңгерудің етістікті сөз тіркестерін құрауда мəні ерекше. Аталған септік 
жалғауларының  синтаксистік  қызметі,  негізінде,  етістіктің  лексикалық 
мағынасымен байланысты болады да, сөз тіркесінің бағыныңқы сыңар-
ларына септік жалғауы басыңқы сөздің ыңғайына қарай жалғанады. Мы-
салы, шық – тауға, үйден, сатымен; жібер – жолдасыңа, қаладан, поч-
тамен.
Шылаулар сөз тіркесінің грамматикалық мағыналарын толықтырып,
есім  мен  етістікті  өзара  байланыстырушы  аралық  дəнекер  болады. 
Етістікті  сөз  тіркестерін  құрауға  қатысатын  шылаулар – демеулер  мен 
көмекші есімдер.
Септеуліктер  сөз  тіркестерінің  құрамында  өздерінен  бұрын  айтыла-
тын  есімдердің  белгілі  септікте  тұруын  керек  етеді  де,  сол  жетегімен 
етістікке бағынады. Көлемдік, мезгілдік, мақсаттылық мағыналарын біл-
діреді.
Көмекші  есімдер – ілік  септігіндегі  сөздермен  тəуелдік  жалғауында 
тұрып байланысады. Олар сол тобымен етістікке бағынып, етістікті сөз 
тіркестерінің  құрамында  пысықтауыштық  қатынаста  жұмсалады.  Ол 
үшін көмекші есімдерге тиісті септік жалғаулары (барыс, табыс, жатыс, 


44
45
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
шығыс, көмектес септік) жалғанады. Мекендік, кейде мезгілдік мағына-
ны  білдіреді.  Мысалы,  Осы  түн  ішінде;  терезенің  алдында  тұр;  стол 
үстінде жатыр т.б.
Қорыта айтқанда, тiл құрамындағы жеке грамматикалық топтардағы 
болған семантикалық жəне грамматикалық өзгерiстер, айналып келген-
де,  сөз  тiркестерiнiң  қалыптасуына  алып  келедi,  осы  тұрғыдан  қарас-
тырсақ,  тiлiмiздегi  қазiргi  есiмдi,  етiстiктi  жəне  ортақ  басыңқылы  сөз
тiркестерiнiң iштей бiрнеше топқа жiктелуiнiң өзi синтаксистiк құрылыс-
тың басынан өткен өзгерiстерiн жеке сөздер тобының тiркесiмдiлiк қа-
бiлетiнiң, олардың өз iшiндегi семантикалық дифференцияның нəтижесi 
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет