Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет33/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Есімді  тіркестер.  Есімді  сөз  тіркестерінің  басыңқы  сөзі  де  оларға 
бағынып тұратын сөздер де көбіне есімдер болады. Қабыса байланысқан 
сөз тіркестерінің грамматикалық байланыс амалы сөздердің орын тəртібі 
болады. Қабыса байланысатын есімді сөз тіркестерінің құрамы əртүрлі: 
оның  бағыныңқы  сыңары  зат  есім,  сын  есім,  сан  есім,  сілтеу  есімдігі, 
үстеу болады, ал басыңқы сыңары зат есім, субстантивтенген сын, сан 
есімдер  болады.  Зат  есiмдер  синтаксистiк  жағынан  да,  яғни,  сөз  тiр-
кесi  жəне  сөйлем  мүшесi  тұрғысынан  да  қаралды,  əлi  де  қаралуда.  Зат 
есiмдерге  сөз  тiркестерiнде  С.Аманжолов,  Н.Сауранбаев,  М.Балақа-
ев,  Р.Əмiров,  Т.Сайрамбаев,  К.Бейсенбаева  т.б.  ғалымдар  арнайы  орын 
берiп қарастырғаны мəлiм. Профессор М.Балақаев зат есiмдердiң қандай 
сыңарда  жұмсалуын  сөз  ете  келiп,  зат  есiмдерден  құралған  сөз  тiркес-
терiнiң  мазмұны  бiр  жағынан  басыңқы  сөздiң  мағынасымен  байланыс-
ты болса, екiншi жағынан, оның анықтауышы болған бағыныңқы сөздiң 
заттық мағынасымен байланысты болатындығын айтады. 
Түркi тiлдерiндегi еңбектерде бұл мəселе А.Н.Кононов, Н.К.Дмитри-
ев,  Н.А.Баскаков  еңбектерiнде  тек  екi  зат  есiм  тiркесi  бар  деумен  ғана 


42
43
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
шектелсе, С.С.Майзель «Изафет в турецком языке» деген үлкен еңбегiн-
де  изафеттiң  бiр  түрi  жалғаусыз  зат  есiмдердiң  тiркесi  туралы  арнайы 
мəселе қозғап, оның көптеген заңдылықтарын алғаш сөз етедi. В.Г.Ад-
мони өзiнiң «Синтаксис современного немецкого языка» деген еңбегiнде 
сөз тiркестерiнiң iшiнен зат есiмдi жəне етiстiктi сөз тiркестерiн ерекше 
атап көрсетедi. Қалғандарының бəрi осы екi сөз тiркесiнiң негiзiнде құра-
латынын  айтады.  Сын  есiмдер  жайлы  сөз  тiркестерiнде  С.Аманжолов, 
Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Р.Əмiров, Т.Сайранбаев т.б. ғалымдардың ең-
бектерiнде айтылады. Қабыса байланысқан сөз тiркестерiнiң бағыныңқы 
сыңары ретiнде зат есiмдермен тiркесi арнайы берiледi. 
Сын есiмнiң есiмдермен тiркесiне арнайы орын берiп жеке қарастыр-
ған ғалым – М.Балақаев. Автор бұл мəселе туралы алғаш жүйелi түрде 
сөз қозғап, қай сын есiмдердiң қай зат есiмдермен тiркесе алатынына, 
олардың  байланысу  формалары  мен  тiркесу  қабiлетiне  ерекше  назар 
аударады. Көп уақытқа дейiн сын есiмдер тек есiм сөздермен ғана сөз 
тiркесiн құрайды делiнiп келсе, сонымен бiрге түркітануда Н.К.Дмитри-
ев,  А.Н.Кононов,  Н.А.Баскаков,  Т.Сайрамбаев  т.б.  ғалымдар  сын  есiм-
дердiң етiстiктермен де тiркесе алатынын нақты көрсете бiлдi. Профес-
сор Т.Сайрамбаев сын есiмдердiң етiстiкпен тiркесi туралы диссертация 
қорғап,  оның  өзiндiк  тiркесiмдiлiк  дəрежесi,  оның  тарихы,  сын  есiм-
дердiң сапалық, қатыстық түрлерiнiң арақатынасы, байланысу тəсiлдерi 
мен синтаксис қызметi туралы едəуiр сөз қозғап, бұл мəселенi, яғни, сын 
есiмдердiң етiстiктермен де тiркесе алатындығын дəлелдеп бергенi бел-
гiлi.
Тiл-тiлде сан есiмдер негiзiнде қалыптасқан сөз тiркестерiнiң басқа 
түрлерiнiң ерекше болып келетiндiгi айтылады. Сан есiмдер құрамында 
əртүрлi дəуiрлерге қатысты грамматикалық құбылыстардың iзi қалған. 
Сан  есiмдердiң  тiркесiмдiлiк  қасиетi  олардың  бағыныңқы  қызметте 
жұмсалуы  арқылы  шектелмейдi,  ендi  басыңқы  қызметте  де  жұмсала-
тындығын көруге болады. Бiрақ сан есiмдердiң басыңқы қызметте жұм-
салуы тiлде бар болғанымен, арнайы зерттеудiң нысаны болмай отыр. 
М.Балақаев  алғаш  есiмдi  сөз  тiркесi  деп  арнайы  қарастырғанда  сан 
есiмдердiң басыңқылық қызметi туралы ешнəрсе айтпайды. Осы сияқты 
фактiлердi С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, Ə.Нұрмаханова, тiптi, сан есiм-
дер туралы арнайы еңбек жазған Ə.Хасенов еңбегiнде де бұл мəселе сөз 
болмайды. 
Сын есімдер есімді сөз тіркесінің құрамында өте көп жұмсалады. Сын 
есімдер  мен  зат  есімдер  қатар  тұру  арқылы  өзара  қабыса  байланысқан 
есімді сөз тіркестері жасалады. Олар анықтауыштық қатынаста жұмса-
лады: үлкен қайрақ, жаман жолдас, терең көл т.б.
Есімшелер зат есіммен тіркесу арқылы анықтауыштық қатынастағы 
есімді сөз тіркестерін жасайды. Мысалы: көгерген шөп, оқылған кітап 
т.б. Мұндай есімді сөз тіркестерінің құрамында жиі кездесетін есімшелер 
-ған, -ген тұлғалары, қалғандары мұнан əлдеқайда сирек қолданылады. 
Есімдіктердің  ішінде  қабыса  байланысқан  есімді  сөз  тіркесінің 
бағыныңқы сыңары болып жиі кездесетіндері – сілтеу, сұрау, жалпылау 
есімдіктері.  Олар  зат  есіммен  тіркесіп,  анықтауыштық  қатынаста  жұм-
салады.
Үстеулер етістікті сөз тіркесінің құрамында жиі қолданылады. Есім 
сөздермен тіркесуі де кездейсоқ құбылыс емес. Мезгіл үстеулері сөйлем 
ішінде зат есім, сын есім, сан есім жəне «бар», «жоқ» сөздеріне қатысты 
болып, солармен қабыса байланыста көп ұшырайды. Мысалы: енді көңіл-
ді, биыл бесте, бүгін бар, ертең жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет