Синтетикалық каучуктер өндірісі – мұнай химиясының басты саласы


Каучуктер өндірісіне арналған басты шикізат



бет3/3
Дата21.04.2023
өлшемі21,26 Kb.
#85229
1   2   3
Байланысты:
Синтетикалық каучуктер өндірісі

Каучуктер өндірісіне арналған басты шикізат.
С.В.Лебедев синтетикалық каучук алудың әдісін жасады. Осылайша 1932 жылы каучуктерді өнеркәсіптік өндірісі дамыды. Табиғи каучук – диен көмірсутектің полимері екеніне негіздей отырып, Лебедев те осы жолды алды бірақ қарапайым әрі қол жетімді бутадиеннен алды. Ал бутадиен алудағы шикізат спирт болып табылады. Синтетикалық каучук барлық қасиеті жағынан табиғидан артық түссе де, майысқақтық жағынан артық түсе алмады. Және дәл осы қасиеті негізгі болып табылды, себебі автомобиль және авиация шиналарының қозғалу кезінде ең көп деформацияға ұшырайтын бөлік болып табылады. Бутадиеннің Лебедев әдісі бойынша полимеризациясы кезінде металл натрий катализатор ретінде қолданылады. Осы әдіс бойынша алынған каучук су және газды өткізбейтін қасиетке ие болады.
Қазіргі кезде каучуктердің синтезі үшін мұнай газдарында және мұнай өңдеуден аллынған өнімдерде кездесетін көмірсутегілер қолданылады.

Синтетикалық каучуктер (СК) өнеркәсібі – мұнай химиясы саласының маңызды буындарының бірі болып табылады. Ол әлемдік нарықта үлкен сұра-нысқа ие өнімді шығарады. Мысалы, бірқалыпты дамып отырған шина өндірісі-нің саласына қажетті шикі зат. Синтетикалық каучуктерді екі негізгі топқа бөлуге болады. Біріншісіне жалпы мақсатқа арналған - бутадиенді, бутадиен-стиролды, изопренді жатады. Олар пайдаланғанда резинаға тән қасиеттері, яғни жоғары созылымдылығы іске асатын жаппай өндірілетін бұйымдарды (шиналар, конвейерлік таспалар т.с.с.) алғанда қолданылады. Екінші тобына арнайы мақсатқа арналған СК кіреді, олар жоғары созылымдылықпен қатай кейбір арнайы қасиеттерге ие бұйымдар өндірісінде қолданылады. Мысалы, бутадиен-нитрилді каучуктерден бензинге, майға төзімді бұйымдар, ал кремнийорганикалық материалдардан жылуға, аязға төзімді, ал уретанды эластомерлерден тозуға төзімді бұйымдар жасайды. Синтетикалық латекстер, сұйық каучуктер мен термоэластопластарды ерекше топқа бөлуге болады. Ракета техникасында синтетикалық каучуктер қатты ракета отынын жасағанда полимерлік негіз ретінде қолданылады, ол жағдайда олар отын ролін атқарады, ал толықтырғыш ретінде селитра (калий немесе аммиакты) ұнтағын немесе отында тотықтырғыш ролін атқаратын аммоний перхлоратын пайдаланады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет